Солақайлар сырын бөліссін!

Достар бүгін солақайлар күні екен, арамызда сол қолымен әрекет ететіндер бар ма? немесе солақайлар туралы не білесіздер? олар расында ерекше адамдар ма?

Мен барлық жағынан оңақаймын, сол қолым тіптен икемсіз. Бірақ күрек ұстағанда бәрі таң қалады. Солақайсыңба деп. Керісінше ұстаймын :)
Менің байқауымша солақайлар суретті жақсы салады, жазу-сызуды қатырады. :)
менің ойымша, солақайлар өтірік әңгімені қатырады. мәселен, өзі аттас бір қызы бар жігіт "қиқ-қиқ" етіп жүріп, өтірік әңгіменің майталманы болып алған. Сурет салғанды ұнатады, ұйықтағанды жақсы көреді. Және бұнысымен қоса жақсы жігіт...
Мектеп партасында іш жақта отырған қиын шығар. Екі қол бір-бірімен қайта-қайта түйісіп дегендей :roll:
Үлкен әпкем солақай. Барлығын сол қолымен жасайды. Домбыраны да сол қолымен тартады. Тамақты ғана оң қолмен ішеді. Бір қызығы, солақайлар әулетімізде өте көп. Соған қарағанда ол қанмен берілетін болар.
Өз басым барлық заттарды оң қолмен ұстап, жұмысты да оң қолмен жасаймын. ТЕК пышақты ғана сол қолмен ұстаймын, неге екенін білмейді екем. Естуімше ондай адамдар тамақты өте дәмді жасайды екен... Мысалы, мен сияқты))))))))))
мен біруді білем аяғы солқай, қолы оңқай :roll: