Туған күніңді тойласаң да, тойламасаң да өз еркің ғой. Бірақ бұл ең алдымен әке-шешеңнің мерекесі ғой. Осыдан пәленбай жыл бұрын анаң қиналып, сені дүниеге әкеліп, бір жеңілдеп қалды. Ал әкең асыр салып той тойлады. Соны ескеру керек.
Жас келе үйленбеген қыздар комплексовать етіп тойламауды дұрыс деп санайды. Былтыр менде солай ойлағам, қазір ойлайм "кімнен қысылам, өзімнің туған күнім өзімнің тойым" деп
Жалпы туған күніңізді тойлайтындардың қатарынансыз ба?
ол кезде жасың өспей қалады, өмір бойы 11 айлық қалпыңда қалып қоясың, сондықтан тойласаң 1 жасқа ұлғаясың ))))))
16.01.2014, 14:05:06
мен де тойлағым келмейді, маған біреулер тілек айтып жатса өзімді қатты ыңғайсыз сезінемін, у-шу, аха, охохо дегендер де ұнамайды, театрға, кинога барып қайтқан ұнайды
Барлығы айналаңдағы адамдарға байланысты. Туған күн деген тек бас қосу үшін себеп мен үшін. Өзім ешкімде жоқ деп мақтана алатын достарымның басын қосып, үйленген достардың келіншектерімен жақынырақ танысып, тұрмысқа кеткен құрбылардың жолдастарын ортамызға тартып, салиқалы әңгіме, әдемі ән, әуезді күй тыңдап, шежіреден сыр шертіп, әр түрлі тақырыптарда қызу пікірталас өткізіп, бір-бірімізбен кітап алмасып, соңында аталарымызға арнап құран бағыштап, естелікке суретке түсіп, мәре-сәре болғанды қатты ұнатам. Жай ғана ішіп-жеу үшін емес, рухани азық алып, көңіл қазанын толтырып қайтатын ондай кештер мен үшін өте бағалы. Мұның барлығы, әлбетте, терең тәрбие алып, өздерін жан-жақты жетілдірген, қаншама қызық пен қиындықты бірге кешкен ардақты достарымның арқасы..
ол кезде жасың өспей қалады, өмір бойы 11 айлық қалпыңда қалып қоясың, сондықтан тойласаң 1 жасқа ұлғаясың ))))))