Қазақстанда қай әншінің расымен де даусы?

Бүгін қазақ сахынасында әншілер көбейіп кетті. Солардың ішінен қай әншінің дауысын мойындайсыздар?

Әу демейтін қазақ жоқ дейміз ғой. Бірақ,шын мәнінде жанды дауысты әншілеріміз шөп ішінен ине іздегендей тым аз. Өзім шын талан иесі деп танитын әншілер қатарына:
1 Қайрат Тунтеков
2 Жігер Ауыпбаев(жеке дара)
3 Меломен тобы
4 Айдарбек Рысбек
5 Дастан Оразбековты жатқызам
Мейрамбекті айтпасам да барлығы айтатыны даусыз.
«Мен әнші емеспін, орындаушымын. Мысалға, мен айтатын әнді кез келген адам орындай алады, ал, нағыз әншілер айтатын әнді кез келген адам қайталап айта алмайды» (с) Л. Жолдасов
Жанды дауыспен ғана айтатын заң қабылдаса 80пайыздай әншілер сахнадан кетеді. Қалатындары Роза Рымбаева, Батырхан Шукенов, МузАрт, Жубаныш, Дәурен Сейітжанов сиақты әншілер қалады
Қайрат Нұртас :mrgreen:
Алтынай Жорабаева, Медет Көжекбаев, Сәкен Майғазиев, Айқын, Мәдина, Меломен тобы, Жұбаныш Жексен, Роза Әлқожа, Айдар (Жігіттер) осылар жоғарғы ноталарды еш қиындықсыз алады, және таза айтады сөзін түсінікті қылып. Қазір есіме түсіп отырғандары осы, сосын жазам есіме түскендерін. Роза Рымбаеваның дауысы бұрын тұнық еді, қазір жеңіл желпі ән айтып кеткен сияқты имхо. Жанар Дұғалованың дауысы жақсы, бірақ ән айтқанда мелизммен, вибрациямен әнді әрлеймін деп ыыырбитып быт-шытын шығарады әннің. Жалпы Баян апайдың (с) фабрикасынан шыққандардың бәрі сөйтіп ырбитады, бұзады дегенім ғой. Бірақ талантты әншілермен жұмыс жасайды Б.Е. Мөлдір Әуелбекованың да сөзін түсіне алмай қиналам. Ал ойымды айтып тастадым, тағы есіме түссе жазам ғой :)
Әу демейтін қазақ жоқ дейміз ғой. Бірақ,шын мәнінде жанды дауысты әншілеріміз шөп ішінен ине іздегендей тым аз. Өзім шын талан иесі деп танитын әншілер қатарына:
1 Қайрат Тунтеков
2 Жігер Ауыпбаев(жеке дара)
3 Меломен тобы
4 Айдарбек Рысбек
5 Дастан Оразбековты жатқызам
Мейрамбекті айтпасам да барлығы айтатыны даусыз.

Мәссаған Аяулыым, сен Айдарбектің "Тоймаймын" деген әнін ютубтан тыңдап көрші, клипін де көр. Оны жақсы әнші деген ойың 180 градусқа өзгеріп кетпесе білмейм енді :?
Опппаааа айтпақшы ішімдегіні тағы шығарып тастайын :D Өткенде Астанада қызыл дорожкамен жүргізіп жұлдыздарды номинациялар бойынша марапаттаған кезде (атын ұмытып қалдым шараның Астана кеші, я Астана жұлдызы) Маржан Арапбаеваны үздік әнші деп таңдады ғооой :shock: :? :? Маржанның тыңдармандары айыпқа бұйырмасын, бірақ "темекі шегееееп-шегіп жуандап кеткен сияқты" дауыс пен Алтынайдыкіндей таза, диапазоны кең дауысты салыстырып, еще онымен қоймай Маржанға жүлдені бергенде........... :o :shock: :? :evil: :oops: әділетсіздіктің шегі шетінен асып шығып келесі шетіне өтіп кетті ощым :| :) Ренжімеңдер, Маржанның фанаттары, бірақ шыным осы ;)
Батырдың даусы да мощный негізі :)
Жанды дауыста Маржан Арапбаеваның мерейі үстем түседі