Сіздің гардеробта киім көп пе?
Ай сайын шоппинг жасайсыз ба? Әлде қарапайым бір екі киіммен жүресіз бе?
Жақсы тақырып. Мен қажеттілігіме қарап аламын киімді. Бір затым тозса, киюге жарамаса, басқасын аламын. Бірақ аяқ киім мен сөмкелерге ерекше құмармын. Ала беремін. Аяқ-киім деген мүлдем бөлек әңгіме. Аяқ киім таңдағанда сапасына және ыңғайлылығына үлкен мән беремін. Ал сөмкелерді, жәй әдемілігі үшін аламын) Киім сөрелерін жинағанда, заттарым өте көп екенін түсінемін. Ал бір шерге отырысқа шығарда соның бәрі қайда кетеді екен?
расымен де, бір жерге жиналған кезде, дым таппаймыз ғой
киім көп шкаф чемоданға сидыра алмаймын.біреумен бір жерге шығып қалсам ,ойланбай унаған кимімді ала салам (осы әдетімді қоя алмай журмін)...ал қыдыруға немесе қонаққа барарда өзіме киім таңдай алмаймын құдды ешқандай дені дұрыс киімім жоқтай....негезі қарапайым жарасатын екі-үш киімің болса сол дұрыс екен.көп киімің болса көп проблема болады екен бір жерге барарда.
Ай сайын жасауға тырысам, уақытылы киінсең сән үлгісімен де қатар жүресің.
Артымнан келген киім-кешектерім бар. Ошпыш, көбейіп кетті. Енді көбін киетін мезгілді күтіп жүрмін. Бірақ сонда да киім алғым кеп тұрады ше басқасын
Киімдерім көптігі сыймайды, бірақ менің жаман әдетім бар бір киімге жабысып қалатын соны тоздырмайынша кие берем тастамай. ((( Айына 1-2 киім алып қоям көбіне аяқ киім алам
Мен бір жерге жиналып шкафыма жақындай бастағаннан ағам:"Енді Ақжелең не киеді, не киеді? ДЫМ КИІМІ ЖОҚ!" деп мазақтайд Расында өзім де таңғалам) Бірақ, бір жағынан кигің де келмей қалатын киімдер болады.
Алматы да күн суық ал мен күзге дайын емес екем... Не кием???
Ех, шопинг деген жақсы ғой, ақшаң көп болса. Менде де киім өте көп, бірақ тағы ала бергім кеп тұрады. Мен үшін шопинг терапия сияқты, көңіл күйім болмаған кезде.