Сіздің гардеробта киім көп пе?

Ай сайын шоппинг жасайсыз ба? Әлде қарапайым бір екі киіммен жүресіз бе?

Күн суып кетті. Киетін қалың киім де жоқ(( Ең бірінші не алу керек?Аяқ киім?
шынымды айтсам, өзіме киім алуға ақша қимаймын, оның үстіне киім таңдау мен үшін қиын дүние, бойым ұзын 1,75, өзім арықпын, жараспайды, одан да қыздарыма әперсем деп турамын. Негізі бұл дұрыс емес. Қыз болған соң шоппинг жасап тұру қажет :oops: :oops:

Иә, әрине, көп ақша құртпай да киінуге болады деп ойлаймын...
Гардеробымда киім көп емес. Ең қажет дүниелер ғана. 2 жылдай киілмеген киімім болса, дереу біреуге беріп жіберемін. Өйткені, өзі тар патерді керексіз заттарға толтыра бергім келмейді. Ал енді, бірақ шоппинг дегенді керемет жаным сүйеді. Кішкене ғана бір нәрсе алсам да(мейлі, ол шұлық, шарф болсын) көңілім көтеріліп келем үйге. :)
Мөлдір дұрыс істейді екенсіз. Ал менің үйімде киілмейтін киім толып жатыр(