Өзін-өзі тану пәні керекпе?
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің міндеті - оқушының ішкі жан- дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беруді көздейді.
Өз мамандығымның қазіргі қоғамға ең қажетті мамандық деп санаймын және рухани білім беру арқылы елімнің мақтан тұтар азаматшалары мен азаматтарын тәрбиелеу бақытты ұстаздық жолымның жарқын қадамы екендігін шын жүректен мақтан етемін.
Расымен де, өзіңді танымай жатып, өзгені тануға ұмтылу бос әурешілік қой!