Әйелдердің зейнеткерлік жасының ұзартылуы...
... Есіме 90-жылдардағы қиын кезең түсті. Адамдар жұмыс таппай сенделіп, айлықтары берілмей бала-шаға қамы үшін қара дорба арқалап кетті көбісі. Қазір бәрі жақсы. Тек бұл сөздерді жазып отырып ойланып отырмын. Солай ма деп?! Жұмысқа тек жастарды алады егер әрине 3-жылдық еңбек өтілі бар болса... 40-тан асқан әйелдің жұмысқа тұруы -үлкен ерлік. Хабарландыру да тек "сетевой маркетинг" те ғана сол жастан асқан әйелдерді жұмысқа алады, егер ,әрине, ақшасы болса. Зейнетке шығуға асықпайтын тек билік басындағы апаларымыз, әйтпесе қалың жұмысшы қауым асыға күтетіні де осы зейнеткерлік жас. Ендеше әйел адамдардың жасын ұзартпаған дұрыс деп ойлаймын."Әйел бастаған көш оңбайды" деп қазақ атамыз ерігіп мақал шығарған жоқ. Әйелдерге жағдай жасап, оларды ерте зейнетке жіберіп, жалындаған жастарды (оның ішінде тіл білмейтін, өз ұлтын менсінбейтін өр көкірек жастарды қоспағанда) отырғызу керек. Өлерменденіп зейнет жасында пенсиясын бір, айлығын екі (біреудің қалтасын санаған дұрыс емес болса да) алып рахаттанып өмір сүріп жатқан оларға қарап, аз жалақысымен бір отбасыны асырап, несиемен күн көрген "жетім бұрышта" үй іздеп тентіреген қазіргі заман жастарының тағдыры ойландырады мені... (бәрін)
... Әйелдердің зейнеткерлік жасының ұзартылуына қарсылығымды айта отырып, әйтеуір демократты елде тұрып жатқаныма қуанамын. Сіз не айтасыз, оқырман?