- Негізгі бет
- Психология
- Уақыт не үшін...
Уақыт не үшін керек?
Өмірдің көзді ашып-жұмғанша өтетіні белгілі. Адам бала кезінде бар уақытын ойынға, ер жетіп, бой жеткенде махаббатқа, ақыл тоқтатқанда жұмыс пен отбасына арнайды.
Өмірді мағыналы өткізу үшін уақытты қалай басқару керек?
1. Жұмысқа уақыт бөліңіз, бұл – табыс кілті.
2. Ойлануға уақыт бөліңіз, бұл – күш-қуаттың қайнар көзі.
3. Ойынға уақыт бөліңіз, бұл – жастықтың құпиясы.
4. Оқуға уақыт бөліңіз, бұл – білім негізі.
5. Достарға уақыт бөліңіз, бұл – бақыттың қайнар көзі.
6. Махаббатқа уақыт бөліңіз, бұл – өмірдің баға жетпес сыйлығы.
7. Арманға уақыт бөліңіз, бұл – жұлдыздарға қол жеткізудің жолы.
8. Күлкіге уақыт бөліңіз, бұл – қиындықтарды жеңудің құралы.
9. Сұлулыққа уақыт бөліңіз, бұл – әлемді жаулап алған қару.
10. Денсаулыққа уақыт бөліңіз, бұл – өмірдегі ең асыл қазына.
11. Жоспарлауға уақыт бөліңіз, бұл – аталған он міндетті іске асыруға көмектесетін әдіс.
Бұл өмірді мәнді етіп өткізудің амалы емес пе?
Ф. Абилова