Болашақ жарды қалай таңдайсыз? #3

Болашақ жарды қалай таңдайсыз? #3

Кез келген қыз бала өз теңін тауып, отбасы құруды қалайды. Ана болып, бала тәрбиелегісі келеді. Әрбір бойжеткеннің өміріндегі басты таңдаудың бірі – жар таңдау. Болашақ жарды қалай таңдайсыз?

Өткен материалымызда біз бұл жайында біраз мәселені талқылаған едік. Бұл жолы соңғы нұсқауларды ұсынамыз:

Ұрыс, даусыз махаббат

Оны жақсы көрсеңіз, зиян тигізбеу ниетімен ұрыс-керісті мағынасыз деп санайсыз. Қиын мәселе туындаған жағдайда мәмілеге келуді жөн көресіз. Бір шешімге келудің арқасында бір-біріңізге деген махаббат, жылы сезім ұлғая түседі.

Ол сізді тыңдай біледі

Ол сізді жақсы білетіні соншалық, сізді бір ауыз сөзсіз түсінеді. Сіздің қамыңызды ойлап жүреді. Бір рет сұрағаныңызды қайталатпай орындауға тырысады. Бір-біріңізге тұлға ретінде қалыптасып, дамуға көмектесесіздер. Осының арқасында қарым-қатынастарыңыз жақсара береді. Шын бақытты жұп деп осыны айт.

Қабылдау

Кез келген адамның кемшіліктері болады. Ал кейбір кемшіліктер біреу үшін қалыпты қасиет болып келеді. Сіздің күлкіңіз біреуге жағымсыз болып естілсе, сөйлеу, жүру мәнеріңіз біреуге ұнамаса, кейбір қылықтарыңызды жұрт түсінбесе, сүйіктіңіз үшін олар жағымсыз емес. Себебі шын сүйетін адам сізді барлық жақсы, жағымсыз қасиетіңізбен қабылдайды. Тіпті сізді өз достарына, туыстарына мақтап, тек жақсы пікірде болулары үшін талпынады.

Болашақ жарыңыз сіз туралы бәрін біліп, таниды. Және соның барлығын қабылдап, бағалай біледі. Сіз оның, ал ол сіздің өміріңіздің маңызды әрі сүйікті бөлігіне айналуы керек.

Осы аталған қасиеттің бәрін оның бойынан таптыңыз ба?

Сурет: ©Алексей Игнатьев

Ұқсас жазбалар:

Болашақ жарды қалай таңдайсыз?

Болашақ жарды қалай таңдайсыз?#2

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...

Болашақ жарыңыздың анасымен қалай танысасыз?

Ф. Абилова