- Негізгі бет
- Психология
- Өмірді өзгертудің 10...
Өмірді өзгертудің 10 әдісі
Өмірімізді жақсарту өз қолымызда. Алайда көптеген адам бұл мақсатқа жету үшін бағыт таба алмай жатады. Сондықтан назарларыңызға көмекші болатын кеңестерді ұсынамыз:
1. Өзіңді мақтау
Бұны күнделікті әдетке айналдырыңыз. Үш күннен кейін көңіл-күйіңіздегі өзгерісті байқайсыз. Күндеріңіз позитивке толы болып, өзіңізге деген сыйластық пен сүйіспеншілік арта түседі.
2. Жақын адамдарға мақтау сөз айту
Мақтау, қошемет сөз артық етпейді. Жақындарыңызға жылы сөз айтуға сараңданбаңыз. Дәрігерлердің пайымдауынша, жүректен шыққан жылы сөздер сырқаттың емделуіне әсер етеді.
3. Рахмет айтыңыз
Әрбір өткен күн үшін, әрбір атқан таң үшін, әрбір сынақ пен қиындық, әр жақсылық пен қуаныш үшін алғыс айтыңыз.
4. Күлімсіреу
Таң атып, оянған кезде міндетті түрде күлімсіреңіз. Жаңа күнге қуаныңыз. Бұл әдіс сіздің күніңізді позитивке толтыратыны хақ.
5. Тамақтану барысында жақсы нәрсе жайлы ойлау
Әсіресе жұмыста компьютерге қарап отырып, тамақтанатындарға арналады. Тамақ ішу барысында асығу, жұмыс жайлы ойлау дұрыс емес. Тамақтану кезінде жақсы, игі нәрселер туралы ойлаңыз.
6. Медитация жасау
10-30 минут бөліп, бөлменің есігін жауып алыңыз. Жақсы заттарды елестетіңіз: теңіз, тау, сүйікті адам, демалыс, саяхат, ақша, көлік, т.б. Бұл «ритуал» пайдалы әрі көңіл-күйді жақсартады.
7. Құшақтау
Таңертең үйден шығарда жақындарыңызды құшақтаңыз. Жақын адамның жылуы, махаббаты мен қамқорлығын сезіну бізге қуаныш сыйлайды. Баланы құшақтаудың да зор маңызы бар. Баланың қоғамға, адамдарға деген сенімі пайда болады.
8. Қиын мәселенің жақсы жақтарын іздеу
Өмірде келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Жұмысқа асығып бара жатып, туфлидің өкшесін сындырып алу, кездесуге кешігіп бара жатып, көлік таба алмау, іссапарға шығамын деп, ұшаққа кешігу сияқты сан түрлі жағдайларды естіп жатамыз. Алайда олардың бәрінің де өзіндік бір жақсы жағы бар. Әр қиындықтан жақсылық іздей біліңіз.
9. Тазару
Душ немесе ванна қабылдау кезінде бар негатив сумен ағып кеткенін елестетіңіз. Содан кейін біраз жеңілдеп, көңіл-күйіңіз де көтеріңкі болады.
10. Дастархан басында
Кешкі асты жақындарыңызбен бірге қабылдаңыз. Дастархан басында бірге отырып, күннің қалай өткенін баяндап, күліп-ойнап отыру сіз үшін де, жақындарыңыз үшін де аса пайдалы болмақ.
Сурет: ©Қанат Садықов
Оқи отырыңыз:
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? #2
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Көктемгі күйзеліспен қалай күресеміз?
Ф. Абилова