Хош иісті ванна қабылдау

Хош иісті ванна қабылдау

Эфир майлары қосылған хош иісті ванна адам ағзасын тазартады, шаршағаныңызды басады, көңіл күйіңізді көтереді. Өйткені эфир майлары (иланг-иланг, цитрус, түймедақ, камфара, жалбыз, қарағай, т.б.) зиянды бактерияларды өлтіреді, денедегі суықты шығарады. Сондай-ақ мұндай ванна тері, ревматизм, бұлшықет ауруларын емдеуде өте пайдалы.

Қандай май қосатыныңызды дәрігермен кеңесіп шешесіз немесе өзіңізге ұнағанын таңдайсыз. Әйтпесе бірнеше майды (жеті түрлі майға дейін) қосуға болады. Майдың өзін тамызсаңыз, суға араласпайды. Ол үшін 100–200 г сүтке не қаймаққа, не айранға, болмаса теңіз тұзына 10–15 тамшы қосып, дайындап аласыз.

Алдын ала майларға аллергияңыз жоқ екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Ол үшін таңдаған майыңызды білегіңізге тамызып, 15 минуттай күтіңіз. Егер теріңіз қызармаса, қолдана беруіңізге болады.

Ваннадағы судың температурасы 38 ºС-ден аспау керек. Ең алғашқы ванна қабылдау уақыты 5–15 минут. Сосын бірте-бірте 20–25 минутқа жеткізуге болады.

Ваннаға түсер алдында душ қабылдап, денеңізді сабындап, жуынып аласыз. Себебі емдік мақсаттағы ваннаны қабылдап жатып, сабынмен жуынуға болмайды.

Ваннадан кейін кемінде жарты сағат жатып, демалуыңыз қажет. Салқын су ішпегеніңіз жөн.

Сурет: mylitta.ru

Оқи отырыңыз:

Бөлмеңізден хош иістің шығып тұрғанын қаласаңыз

Ауа тазартқышты қолдан жасауға бола ма?

Сабын қалдықтарынан сұйық сабын жасап көрдіңіз бе?

Ф. Абилова