Көктемгі күйзеліспен қалай күресеміз?

Көктемгі күйзеліспен қалай күресеміз?

Қаһарлы қыстан кейін тіршіліктің бәріне жан бітіріп, көктем келеді. Адамдар да қалың киімдерін тастап, алуан түрлі әдемі киімдерін киіп, көшенің сәнін келтіреді. Алайда сіз бірнеше күн бойы еңсені зілдей басқан ауыр ойлардан арыла алмай, басыңыз ауырып, ұйқыңыз қанбай, құрбыларыңызбен сырласуға да зауқыңыз соқпай, шаршай бересіз.

Неліктен?

Бұл көктемгі депрессияның әсері болуы мүмкін. Онымен қалай күресеміз?

1. Белгілі бір режимді ұстаныңыз. Уақытында тамағыңызды ішіп, ұйқыңызды қандырып жүруге дағдыланыңыз.

2. Дене шынықтыру. Таңертең ұйқыңыздан оянғаннан кейін сергіту жаттығуларын жасаңыз. Аяқ-қолды бір-екі рет сермей салмай, омыртқаңызды әрі-бері толық иілтіп, ағзаңызға қан жүгіретіндей қимылдар жасаңыз.

3. Тамақтану салтын өзгертіңіз. Сайтымызда бұрын айтылған құрамында адам ағзасына өте қажетті дәрумендері бар тағамдарды пайдаланыңыз.

4. Дәрігерге көрініңіз. Талдамаларыңызды тапсырып, қалқанша безін тексертіңіз.

5. Таза ауаға шығыңыз. Демалыс күндері компьютердің, теледидардың алдында сарылып отырғанша, отбасыңызбен не достарыңызбен табиғат аясына серуенге шығыңыз. Алайда қоршаған ортаны қоқыс қалдықтарымен ластамауды есте ұстағаныңыз абзал.

6. Гардеробыңызды жаңартыңыз. Егер оған мүмкіндік болмаса, интернет сайттарын, сән журналдарын ақтарып, бұрынғы киімдеріңізді жаңаша үйлестіріңіз.

7. Позитивті ойлауға дағдыланыңыз. Кез келген сәтсіздікті жақсылықтың бастауы деп қараңыз. Мысалы, қымбат тұратын орамалыңызды жоғалтып алдыңыз, қамықпаңыз, көп ұзамай трендтегі жаңасын аласыз.

Сурет: ©Анна Мазур

Оқи отырыңыз:

Күйзелістің де пайдасы бар...

Махаббатым ертегідей болсын десеңіз... #2

Адамдардың қалай ренжитінін жұлдызнамасы айтсын #3

Әзілің жарасса, атаңмен ойна #2

Ф. Абилова