Наразы болған жолаушылар істің мәнін білген соң, үнсіз қалды

Наразы болған жолаушылар істің мәнін білген соң, үнсіз қалды

Жиырма төрт жастағы жігіт әкесімен бірге пойызбен жол жүріп бара жатқан еді. Жас жігіт терезеге қарап тұрып: «Әке, қарашы, ағаштар ұшып бара жатқан сияқты», - деп таңдай қағумен болды. Әкесі баласының бұл іс-әрекетіне жылы шырай танытып, күлімсіреді. Әкесі мен баласына көрші отырған ерлі-зайыптылар бір-біріне қарап, дап-дардай ересек адамның бұл қылығына таң қалды. Сәлден соң жігіт қайтадан айқай салып: «Әке, қарашы, бұлттар бізді қуып келеді», - деді. Әкесі оған жымия қарады. Жанында отырған адамдар шыдамай: «Балаңызды дәрігерге көрсету керек сияқты. Оған міндетті түрде ауруханаға қаралу керек!» - деді. Сонда әкесі қабағын шытпай, қайта жайдары мінезбен: «Біз бірер минут бұрын ғана дәрігерден шықтық. Балам туғанынан соқыр еді, ал бүгін дәрігерлер баламның көзін емдеп, балам әлемді бірінші рет өз көзімен көріп отыр», - деп жауап берген екен. 

Өзгеге мін тақпас бұрын, әр істің мән-жайын анықтап алған жөн болар...

Оқи отырыңыз:

2 400 000 адамды өлім аузынан арашалап қалған тұлға

Арыстаннан бастап адам өмірін құтқару жолында ...

Табиғаттың қас жауы немесе бір аптада қанша қоқыс тастаймыз?

Үндістанда 50 жыл құлдықта болған піл босатылғаннан кейін жылап жіберді

 

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:vdnews.org

Н. Нұрмаханұлы