2 400 000 адамды өлім аузынан арашалап қалған тұлға

2 400 000 адамды өлім аузынан арашалап қалған тұлға

Австралиялық донор, рекордшы, сырт келбеті сыр бермейтін қарт ата 2 400000 адамды өлім аузынан арашалап қалған. Дүние есігін айқара ашқан уақыттан бері Джеймс Харрисон өзінің ерекше қанын 1000 реттен аса тапсырған.

Жасөспірім кезінде кеуде жасушаларына бірнеше күрделі ота жасатқан бала 13 литр донорлық қанмен жан сақтап қалған. Сол кезде бала кәмелеттік жасқа толысымен ерікті донор болуға бел буып, өз-өзіне уәде берген. Бұл адамның маңыздылығы соншалықты, оның өмірі негізгі донор ретінде 1 миллион АҚШ долларына сақтандырылған. Ол қан плазмасын 2-3 аптада бір рет міндетті түрде тапсырады. Құтқарылған адамдардың ішінде өзінің қызы Джеймс Трейси де (Tracey) бар. Жасаған рекорды үшін Джеймске «Австралия Ордені» (Order of Australia medal), «Жыл Австралия тұрғыны» (Australian of the Year) деген марапаттар берілген. 

Оқи отырыңыз:

Малайзия тұрғыны айдаһарды атып түсіріпті-міс

Америкалық азамат екі басты қолтырауын тауып алды

Оралда екі жігіт өртеніп жатқан үйден бүлдіршінді құтқарып қалды

Ауыр дертке шалдыққан филиппиндіктің махаббаты әлемді жылатты

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: www.factroom.ru

Н. Нұрмаханұлы