- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Арыстаннан бастап адам...
Арыстаннан бастап адам өмірін құтқару жолында...
Сіз ойлайтын шығарсыз, жоқ, сіз өйтіп ойламаңыз?! Мәселен, адам баласын дельфин мен иттен басқа құтқарып қалатын жануар жоқ деп ойлайтын шығарсыз. Онда тағы да қателесесіз. Аң патшасы арыстаннан бастап, одан қала бер горилла, шошқа секілді жан-жануарлар талай адамның өмірін құтқарып қалған, құтқарып қала береді де...
1. Арыстан ұрланып бара жатқан қызды қарақшылардан құтқарып қалған
Бұл оқиғаның өзегі 2005 жылдың күзінде жатыр. Дәл сол уақытта 12 жасар кениялық қызды әлдебір қарақшылар ұрлап кетеді. Олардың сол кездегі бар ойы, зорлықтың арқасында өрімдей қызды үйлендірмек болған... Бірақ, бірнеше күннен соң, арыстандардың ортасында бар қауіпсіздікті сезінген қыз табылады.
Сөйтсе, арыстандар қарақшылардың ортасында ебіл-дебілі шығып, қарсылық көрсетіп жатқан қызға көңілдері босап, нәтижесінде құтқарып қалған. Және құтқарып қана қоймай, бір жарым күн бойы жан баласын, жануарлар атаулысын жолатпапты. Тек іздестіріп жүрген милиция мен бір топ адам келген кезде ғана қызды босатып қоя берген.
Мамандардың анықтауы бойынша, қыз баланың көз жасы арыстандардың назарына іліккен. Өз балалары еске түсіп кетті ме, әлде 12 жасар қыздың дауысы мен өздерінің дауыстарында ұқсастықтар байқалды ма, әйтеуір, қарақшыларды өлердей қорқытып, құтқарып қалған екен.
2. Горилла 3 жасар баланы аман алып қалған
Зоопаркте жабайы жануарларды арнаулы бөліктің ішінде ұстайды. Өз кезегінде жануарлар осы бөлікті өздерінің жеке меншігіндей көреді...
1996 жылдың 18 тамызында Брукфилд қаласындағы (Иллинойс, АҚШ) орталық зоопаркте күтпеген оқиға орын алды. Үлкендердің көз жазғанын пайдаланып, үш жасар ұл бала бес метрлік қоршаудан өтпекші болып, қарғи бергенде аяғы тайып, құлап, арғы бетте ес-түсінен айырылып жатады.
Адамнан келер көмектен қайыр болмаған соң, Бинти-Джуа есімді горилла баланы құтқаруға бел шешеді. Ақырын ғана баланы қолға алып, қоршаудың шығар аузына дейін көтеріп келіп, келіп жеткен құтқарушыларға тапсырады. Әрине, бір қарағанда түк қиындығы жоқ сияқты, бірақ, келіп жеткен мамандар горилласыз істің насырға шабуы мүмкін екенін алға тартқан.
3. Дельфин батып бара жатқан дайверді құтқару үстінде
Қытайдың Харбин қаласындағы "Polarland" аквариумінде дайверлер арасында жыл сайын жарыс өтеді. Әр қатысушының міндеті - суық судың астында алты метрлік тереңдікте жүзу. (Және ешқандай аквалангтың (су астында жүзетін адамдардың тыныс алуына арналған аппарат) көмегінсіз.
Бір жылдары бақ сынауға келген 26 жастағы Янг Юн де ештеме ойламастан суға қойып кетеді. Алғашында тәп-тәуір-ақ су астында жүзіп жүреді. Бірақ, бір уақытта сіңірі тартылып, өзінің батып бара жатқанын сезеді. Алайда, қармайтын ештеңе таппай, әбден қарбаласқа түседі. Бір сөзбен айтқанда, өліп кету қаупі туындайды.
Содан не керек, Янгтың бағына әлгі жерде Мила есімді польяр дельфині жүзіп жүрген. Міне, сол Мила батып бара жатқан қызды аузымен тістеп алып, судың жоғарғы бөлігіне шығара алған екен.
5. Қожайынын құтқарған қоян туралы
Ешкім де батылдықты қояннан күте бермесі анық. Онда Кембриджширде (Англия) тұратын Симон Стеггалл есімді азаматты кім құтқарып қалған?
Бір күні Дори (асырап алған үй қояны) диванда ұйықтап жатқан иесінің ауырып жатқан сезеді. Сөйтсе, Симонды кесел шалыпты. Бұған дейін диабетикалық ауруға (тамағы бітеліп қалу) жиі шалдығатын азамат тағы да бір қиындыққа тап болған.
Бірден байқай қойған Дори иесінің кеуде тұсына шығып алып, секіріп, ернін жалай түседі. Алғашында еш нәрсеге мән бермей асханада жүрген жұбайы кейіндеу барып қоянның бұл қылығынан Симонның бір нәрсеге ұшырағанын біліп, дер кезінде дәрігерлерді шақырып үлгерген екен.
сурет:http:kinderlibrary.wordpress.com; stena.ee
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига