Қызыңыз өтірік айта ма?

Қызыңыз өтірік айта ма?
Фото: amur.kz

Қыздардың психологиясын түсіну жігіттер үшін ғалымдардың жаңа дүние ойлап табуымен тең. Олардың не қалайтынын ешкім білмейді, өздері де білмейді. Мысалы, сіз сүйгеніңізге бір тал гүл сыйламасаңыз, осы менің жігітім өмірінде маған гүл сыйлаған емес деп ренжиді, ал егер күн сайын кездескен уақытта гүл алып беріп жүрсеңіз, гүлден басқа ештеңе бермейді деп тағы бұртияды. Сонымен қатар, сізге білдірмей айтатын өтіріктері де бар. Әрине әр қыз тығырықтан шығу үшін, сізді тексеру үшін түрлі айла-тәсіл пайдаланатыны анық. Арулардың арбауына түсіп қалмас үшін жгіттер қауымын қыздардың қандай өтіріктері бар екеніне қанық етейік.

"Жоқ, мен ашуланып тұрған жоқпын!"
Қыздардың көңіл-күйі құбылмалы болады. Егер сіз құрбысымен жанжалдасып, қорқынышты кино көріп, жоспарының сәтсіздікке ұшыраған кезінде сүйгеніңізбен сөйлессеңіз, екеуіңіздің араңызда бомба жарылуына дайындала беріңіз. Сұлулар үшін дәл осы кезде сіздің не ойлайтыныңыз, қандай жаңалықтар айтып жатқаныңыз маңызды емес, тек "таз ашуын тырнадан алады", дегендей бар ызасын шығаратын адам таппай отырады. Сондықтан, егер сүйгеніңіз "жоқ, мен ашуланып тұрған жоқпын" десе, артық әңгіме айтудың қажеті жоқ. Мүмкіндігінше айбарлы арыстанның айтқанын тыңдағаныңыз дұрыс. Әйтпесе не болғанын өзіңізде білмей қаласыз.

"Мен саған ренжімеймін"
Ғашығыңызға берген уәдені орындай алмаған кезде жиі айтылан сөз. Мұндай сәтте қыздар барлық сайманын әзірлеп, сізді сөзбен сұлатып түсіруге дайын болады. Әрине, оқиға қандай жағдайға тап болғаныңызға қарай өрбімек. Сондықтан сұлуыңыз сізге "мен саған ренжімеймін" десе, әңгіменің төркінін басқа жаққа ауыстырып, болмаса артық сөйлемеуге тырысыңыз. Жігіттердің ашуы жылдам келгендіктен, ара-қатынасыңызды үзіп алуыңыз мүмкін. Болмаса төтесінен қойылған жауаптар сізді тығырықтан бір-ақ шығарады.

"Сенің неше жігітің болды"
Сіз ғашығыңыздың аузынан шындықты естимін деп осындай сұрақ қоясыз, алайда қанша пайыз шындықты айтып тұрғанын білмейсіз. Айтқан санына риза болып бөрікіңізді аспанға лақтырасыз. Есіңізде болсын. Сұлулар мұндай жағдайда бұл сұрақтың жауабын құпия сақтап қалады. Аз жігітпен жүрген сұлу қашанда көңіліңізді жайландыруы мүмкін. Содан кейін, дәл қазір ғашығыңыздың қасында өзіңіз болғандықтан өткен оқиғалар сіз үшін түкке-тұрғысыз емес пе?!Тырманың ұшын басамын деп, сабы өзіңізге тимесін. Өйткені сіздің де бұл жағдайдан қалай өтетініңіз белгісіз.

"5 минут күте тұрыңызшы"
Егер кездесуге кешігіп келсеңіз, қызыңыз күліп қарсы ала қоймайды. Ал, сұлулар кешіксе қалыпты жағдай. Себебі сізге жақсы көріну үшін сәнді киініп, шашын әрлейтіні анық. Сол үшін сіз сүйгеніңізбен бір жерге баруға ниет етсеңіз, ертерек шақырып қойғаныңыз дұрыс. Ал, баратын жерлеріңізге кешіксеңідер, барлығына кінәлі тек қана сіз боласыз. Сондықтан абай болыңыз. 

B. ZHAQSYMBET