Жігіттерге ұялшақ қыздар ұнай ма?

Жігіттерге ұялшақ қыздар ұнай ма?

Колумбиядағы (Ванкувер) Британ университетінің зерттеушілері ерлер мен әйелдер арасында ерекше сараптамалық тәжірбие жүргізді. Мамандар өз еркімен қатысуға келісімін берген мыңға жуық ер адамдар мен нәзік жандылардың басын қосып, алдарына қарсы жыныстының суреттерін ұсынған. Олар, яғни ер адамдар әйелдердің, ал әйелдер ер адамдардың суреттеріне қарап олардың тартымдылығына баға берген. Ер адамдар көбіне өзін жоғары бағалайтын аруларға қарағанда жүзінен бақытты екендігі байқалатын ұялшақ қыздардың суреттеріне оң көзбен қараған.

Ал сараптамаға қатысқан әйел жынысты адамдар өздерінің қарсы жыныстыларына керісінше қарсы шықты. Оларға бақыттыларынан гөрі тәкаппар және өркөкірек ер адамдар ұнағандығын жасырмаған. Жақында ғана жасалған сараптаманың нәтижесі Emotion журналында жарияланып та үлгерді. Қортыныдыға сүйенсек, әйел адамдар мен ер азаматтардың жұп таңдауда талғамының екі түрлі болатындығына сенуге болады. Демек әйелдер ер азаматтардың паңдығымен тартымды болғанын дұрыс көреді. Ал ер адамдардың осы сараптама арқылы тез тіл табысып кете алу қасиеті бар өзін-өзі тәуелсіз сезінетін төмен етектілерді жақсы көретіндігі белгілі болды. Әйткенмен сарапшылар ұялшақ қыздардың өзінің менсінбеушілігімен тартымды көрінетіндігін айтуда. Өйткені жігіттердің көбіне бірден "сына" кететін арулар аса ұнай қоймайды. Сондықтан олардың жандарына ұялшақ қыздың аузынан сөз суырып алу жағатын болу керек. 

Ал, сіздерге, жігіттер, ұялшақ қыздар ұнай ма?

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: show.ri.kz

А. Әбілхан