- Негізгі бет
- Психология
- Кітап оқу расымен...
Кітап оқу расымен пайдалы ма?
Кітап оқуды қашанда пайдалы іске жатқызатыны бәрімізге мәлім. Ал сізге біреу «кітап оқудың қандай пайдасы бар?» десе, қанша факт келтіре алар едіңіз? Әдетте, адамның ойына 5-тен артық пункт келмейді. Сондықтан назарларыңызға осы мәселені тереңінен ашатын жаднама ұсынамыз:
1. Ойды дамытады. Кітап оқудың басты пайдасы – ой-өрісімізді кеңейтеді. Себебі шығарманы оқу кезінде біз басты идеяны, сюжетті түсіну үшін терең ойға түсеміз.
2. Күйзелістен арылтады. Қазіргі заман күйінде адамдардың басты мәселелерінің бірі – күйзеліс, депрессиядан құтылу. Бұл мақсатта фантастика жанрындағы кітаптарды оқу жақсы көмекші болады.
3. Сөздік қор көбейе түседі. Әртүрлі жанрдағы еңбектерді оқығанда күнделікті қолданбайтын сан түрлі сөздермен танысасыз. Егер бір сөзді білмей жатсаңыз, сөздік ала жүгіру міндет емес. Кейде белгілі бір терминді түсіну үшін сөйлем не жалпы идеяны білу жеткілікті. Кітапты неғұрлым жиі оқысаңыз, тіл байлығыңыз соғұрлым дами түседі.
4. Альцгеймер ауруының алдын алады. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша, кітап оқу ми ауруының алдын алуға көмектеседі екен. Себебі, оқу кезінде миыңыздың белсенділігі арта түседі. Ал бұл оның жағдайына жақсы әсер етеді.
5. Сенімділік ұялатады. Белгілі бір мәселе талқысында біліктілігімізді танытсақ, өзімізді сенімді, жинақы сезінеміз.
6. Шығармашылықты дамытады. Креативті адамдар бір сәтте бірнеше идея ұсына білуімен ерекшеленеді. Ал ол идеялар қалай туындайды? Әрине, оның қайнар көзі - кітап. Шығарманы оқу барысында сіз жүзеге асқан біраз идеялардың «куәсі» боласыз, соның арқасында жаңа білімді сусындайсыз.
7. Ойлау мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Оқу барысында біз кейіпкерлерді, киімін, мінезін, бет-әлпетін, қоршаған ортасын елестетеміз. Сонымен қатар оқиғаны толық түсіну үшін есте сақтауға тырысу керек. Осындай әрекет есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады.
8. Зейін қойып оқуды үйретеді. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсіну үшін зейін қойып оқу керек. Бұл қабілеттің сізге кез келген жерде, қызметте пайдалы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ кітап оқу объективті болуды, дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
Сіз қай жанрдағы кітаптарды оқығанды ұнатасыз?
Сурет: rewalls.com
Оқи отырыңыз:
Алматыдағы букинистік дүкендерде болдыңыз ба?
Мобильді құрылғылар ұйқы тәртібін бұзады
"Көзім көрмейді" дегіңіз келмесе
Ф. Абилова