Алматыдағы букинистік дүкендерде болдыңыз ба?

Алматыдағы букинистік дүкендерде болдыңыз ба?

Алматы қаласындағы букинистік дүкендер көбіне жастардың арасында танымал. Кітап сүйер қауымға аталмыш дүкендердің мекен жайын ұсынамыз:

1. Гоголь мен Абылай хан көшелерінің қиылысындағы жерасты өтпе жолында.

2. Қарасай батыр мен Қабанбай батыр көшелері қиылысында, базарға кіру жолында.

3. Әйгілі көк базардың ішінде де бір емес, екі букинистік дүкен бар.

4. Құрманғазы мен Желтоқсан көшелері  қиылысындағы "Книжный" деп аталатын дүкен.

5. Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында "Букинист" атты дүкен.

Аптасына бір кітапты оқып, бітірген адамның айына 4, жылына 48 кітап қоржынында болады. Ал ол оның жан-жақты дамып, сөз байлығы кеңейіп, көзқарасы ұшталады деген сөз.

Ақпаратымыз пайдалы болды деген үміттеміз! Кітап оқып, біліммен сусынданып, өзімізді дамытуға өзіміз ат салысайық, ағайын!

Сурет: club.foto.ru

Ф. Абилова