Жігіттердің арманындағы қыз қандай? #2

Жігіттердің арманындағы қыз қандай? #2
Фото: Дарья Лапина

Жігіттер қандай қызды мінсіз деп санайды? Сұлу, тартымды, ақылды, текті сынды қасиеттер маңызды ма?

Басы

6. Қорғансыз да мықты 

Әйел адам өзгенің алдында рухы мықты, өз-өзін алып жүре алатындай көрінсе, ерінің жанында қамқорлықты қажет етеді. Бұл – әйелдің еріне деген сенімін білдіреді.

7. Еңбекқор

Жаңа смартфон, киім-кешек, көлік үшін қалталы жігітті іздейтін қыздарды жігіттер жек көреді. Өз еңбегімен ақша тауып, оны орнымен жұмсай алатын, ақшаның құнын білетін ару – кез келген жігіттің арманы. Себебі бұл қасиет болашақта ана атанғанда сізге қажет болады.

8. Үй шаруасына тиянақты

Үй үнемі жинаулы, киім таза, үтіктелген, дастарқан беті тамаққа толы, балалар риза болса, бұдан асқан бақыт бар ма?

©Тимур Өтешбеков

9. Әділ

Мұндай әйел күйеуіне дұрыс емес, біреуге зияны тиетін әрекет жасауға жол бермейді. Өзі де мұндайға бармайды.

10. Әртүрлі

Таңертең ол нәзік болса, күндіз байсалды болып жүреді. Кешкі шаршаңқы күйі оны ерекше тартымды етіп көрсетеді. Балаларын серуенге шығарып, түнде ертегі оқып, ұйықтатады. Ол әр жағдайға байланысты нәзік, шаруақор, қатал, қайсар, әлсіз, қорғансыз, қамқор бола біледі. 

Ал сіздің арманыңыздағы әйел осы қасиеттерге ие ме?

Ф. Абилова