Жігіттерге қандай қыздар ұнайды?

Жігіттерге қандай қыздар ұнайды?

Жігіттерге айдай сұлу қыздар ғана ұнайды деп ойласаңыз, қателесесіз. Әрине сыртқы сұлулығына мән бермейді емес, дегенмен тұрмыстағы әйел затының сыртқы кейпін сараласаңыз, «сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақалдың растығына көзіңіз жетеді.

Екіншіден, баттастырып боянған бикештен гөрі, табиғаттың сыйлаған дара көркін сәл-пәл айқындайтын макияж пайдаланған аруларға бүйрегі көбірек бұрады.

Үшіншіден, өз-өзін сенімді, тым тәкаппар емес, қалыпты ұстайтын бойжеткендер тұрмысқа шығып жатады.

Төртіншіден, сөздерін жаргондармен «тұздықтап», қолдарын да оңды-солды сермеп сөйлейтін қыздар жігіттерге тек дос ретінде ұнауы мүмкін. Әрбір қыз бала ертеңгі ана – ұрпақ тәрбиешісі, сондықтан сөзімен де, ісімен де үлгі болатынын ұмытпауға тиіс.

Бесіншіден, тым қысқа, тым ашық-шашық киінгендер туралы белгілі пікір қалыптасуы ықтимал.

Алтыншыдан, қалжыңды түсінетін, сәл нәрсеге өкпелеп қалмайтын, ақжарқын, қолжетімді емес, жұмбақ бейнесін де жоғалтпаған ару – жігіттердің арманы десек, қателеспейміз.

Сіздер не дейсіздер, жігіттер? 

Автор: Фариза Әбілова

Сурет: Yerlan Kidirov

Оқи отырыңыз:

Сізді кім бақытты ете алады?

Маған қандай жігіттер ұнайды?

Қыз баланың өмірдегі басты мақсаты не?

Ф. Абилова