- Негізгі бет
- Психология
- Біреудің есебінен өмір...
Біреудің есебінен өмір сүретіндер қандай болады?
Мына қарбаласқан тіршілікте жұрт өз нанын тауып жеп, отбасының қамын ойлау мақсатында тынбай тіршілік қылып жүр. Өйткені, өмір еңбекқорларды сүйеді. Ал еңбекті сүймей, өзгенің есебімен күн көріп жүрген аяқ-қолы сау ер азаматтарды өзгелерден қалай ажыратуға болатынын сіз білесіз бе? Білмесеңіз, мұндай типті адамдарды бірге таниық. Біреудің есебінен күн кешетіндерді қазақ «арамтамақ» немесе «жатыпішер» деп айтып жатады. Сонымен, өзгенің есебімен күн кешетіндер қандай болады?
Олар «Еңбектің наны тәтті» деген мақалды түсінбейді. Түсінгісі де келмейді.
Олар өзгенің терлеп-тепшіп тапқан нәпақасына ортақтасудан ұялмайды. Өйткені, ол үшін мұның ағаттығы жоқ.
Олар отбасын құруға асықпайды. Құрған күнде де әйелінің ақша тауып, өзінің үйде қолына пульт ұстап жатуын армандайды.
Олар біреудің тоңазытқышын ашып, кез келген уақытта қалаған тамағын жеуге, «Бүгін қандай тамақ?» деп қазанның бетін ашып қарап жүргенді ар санамайды.
Олар өзгенің затын өзінің затындай көреді. Олар үшін жеке заттарға шекара жоқтай көрінеді.
Олар өз қалталарында қаражаты болған күннің өзінде жоқ адамның кейпін келтіріп отыра береді.
Олар өзгенің жасаған жақсылығын кез келген уақытта ұмытып кете алады. Біреудің есебімен өмір сүріп жүргені өзіне білінбейді.
Олар кейде жағымпаз болып кетеді. Ал кейде тәкаппарлық танытып та жатады.
Олар қолына ақша түскен жағдайда жоғалып кетеді де, бәрін жаратып болған соң ғана пайда болады.
Олар болашағын ойлап қам жемейді. Бүгінін ғана ойлайтын мұндай адамдардың уайым-қайғысы көп болмайды.
Ұқсас жазбалар:
Арың сақта, болсаң да малға кедей
Өзімшіл адамдар қандай болады?
А. Әбілхан