- Негізгі бет
- Психология
- Алғашқы кездесуге қалай...
Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес
Қазіргі кезде жігіт қызбен көбінесе ғаламтор желісі арқылы танысады. Біздің ұлтымызға тән ерекшелік - алғашқы жүздесуге жігіт қызды шақырады. Көптеген жайт, яғни, бір-бірімен жете танысу, ұнату-ұнатпау осы алғашқы кездесуге байланысты шешіледі. Бұған жігіт өзінше, қыз өзінше дайындалады.
Аруларымыздың өзін қалай ұстағаны жөн?
Алдымен кездесу адам көп жүретін жерде тағайындалса ғана барыңыз. Табиғат аясы, саябақ, үй, т.б. оңаша қалатын жерлерден бас тартыңыз.
1. Сыртқы көрініс. Ең маңызды нәрсе: әдемі көрінбей қалуым мүмкін деп қатты боянып бармау керек. Жігіттер ондайды түсінбейді. Өз көркіңізді сәл-пәл ғана түзейтін табиғи макияжды қолданғаныңыз жөн. Екінші нәрсе: кездесу кафеде өтетін болса, жазғы мезгіл болса, белі қыналған көйлек, егер салқын уақыт болса, пальтоңыздың белін белдікпен буып барғаныңыз абзал. Жігіттер әйелдегі нәзіктікті жоғары бағалайды. «Алма» пішінді арулардың көкіректің астынан бүрілген көйлек киюлеріне болады. Ашық-шашық киінбеңіз.
2. Болашаққа жоспар құруды кейінге қалдырыңыз. Кейбір бойжеткендер «бүгін кездесуге барсам, көп ұзамай тұрмысқа шығам» деп іштей жоспар құрып қояды. Асықпаңыз, оның қандай адам екенін әлі білмейсіз. Бүгінгі тек танысу ғана. Сондықтан отбасыңызды, құрбыларыңызды алдын ала дүрліктірмеңіз. Алайда құрбыңыздың, анаңыздың не жеңгеңіздің кездесуге баратыныңыздан хабардар болғаны дұрыс.
3. Сыпайылық пен табиғилық сіздің серігіңіз. Әрине танымайтын адамның алдында өзіңізді жайбарақат ұстау оңай емес. Дегенмен байсалды болуға тырысыңыз. Бірден өзіңіз, отбасыңыз жайлы ақтарыла жөнелмеңіз. Жымиып қана, қысқа сөйлеуге тырысыңыз. Жеңілтек екен деп ойлап қалмасын деп сіресіп, тәкаппарлық таныту да жат қылық, сіз танысуға келдіңіз. Жігіттің әңгімесіне ілесіп, сұрақтарына жауап қайтарып отырыңыз. Ақылды болып көрінем деп өз мамандығыңызға байланысты кәсіби термин сөздерді қолданып сөйлеу оғаш көрінетінін есте ұстаңыз.
4. Жігітке ата-анасы, өзі жайлы сұрақтар қойғанда, тым қазбалап кетпеген жөн. Кейбір жігіттер қызды таңғалдырам деп өтірік айтуы ықтимал. Себебі оның рухани және материалдық жағдайын бірден біле қою қиын. Мысалы, кездесуге досының машинасын мініп келуі мүмкін, кафеге төлейтін ақшаны ата-анасынан сұрап алған болар. Болмаса «арзанқол кафеге шақырыпты» деген ойлардан да аулақ болған абзал.
Жалғасы бар...
Сурет: ©Тимур Утешбеков
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Бойфренд жейдесі
Махаббатым ертегідей болсын десеңіз...2
Махаббатым ертегідегідей болсын десеңіз...
Болашақ жарым қандай болуы керек? #3
Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...
Ф. Абилова