- Негізгі бет
- Психология
- Адамның сезім картасы...
Адамның сезім картасы
Адамның бүкіл өмірі түрлі сезімнен тұрады. Психологтардың пікірінше, адамның сезім картасы бар. Біз сол картаның аясында өмір сүреміз. Адамның сезімі бір-біріне ұқсайды әрі бір уақытта пайда болуы мүмкін. Мысалы, дәл қазір сіз бірнеше сезімді кешіп отырсыз. Бір сезімнің өзі бірнеше эмоциядан құралады. Қызғаныш сезімінің бойында ашу, қорқыныш, кінә, сараңдық жатады.
Ендеше төмендегі жолдардан өзіңізді іздеңіз!
1. Қанағаттану
Қанағат – жайлылық – жеңілдік – уайымсыздық – ойынпаздық – қуаныш – рахаттану – шаттану – бақыт – рақмет айту – эйфория – таңғалу – экстаз.
2. Құлшыныс
Қызығушылық таныту – жеңіл сезіну – үміт – оптимизм – құлшыныс (энтузиазм) – сенім – күш – шешім – шабыт – құштарлық – құмарлық.
3. Тыныштық
Тыныштық – қауіпсіздік – жеңілдік.
4. Күтпеген жайт
Адасып қалу – түсінбей қалу – таңырқау – ғажайып.
5. Ар-ұят
Көндігу – бағыну – ұялу – кінә – ұят – өкіну.
6. Жалғыздық
Бөліну – аяушылық – жалғыздық – бос қалу.
7. Бақытты жоғалту
Көңіл толмаушылық – ностальгия – өкініш – қайғы – мұң – бақытсыздық – қиналу – ауыру – қайғыру.
8. Мәнсіздік
Бір қалыптылық – шаршау – жабығу – салқынқандылық.
9. Қорқыныш
Мазасыздану – күмән – сенімсіздік – қорқу – көмексіз қалу – айғай шығару – түңілу.
10. Антагонизм
Күмән келтіру – ашулану – қарсылық білдіру – ренжу – жауласу – реніш – ыза – кек – жек көру.
М. Оңғарова