Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сезім сырлары

Сезім сырлары

Сезім сырлары

Назарларыңызға шынайы сезімнің 12 қағидасын ұсынамыз.

1.  Екі жас бір-біріне сезімдерін білдіріп, кездесе бастағаннан кейін, әрқайсысының өмірі жақсару керек. Егер де керісінше болып, қарым-қатынастар тек жайсыздық әкелсе, соңы айырылысуға апарары сөзсіз.

2.  Махаббат ақшаға сатылмайды. Сатып аламын десеңіз де, шынайы сезімге қол жеткіземін деп ойламаңыз.

3. Қызғаншақтыққа абай болыңыз. Жұбыңызды арандатамын деп отпен ойнамаңыз, адамдар онсыз да қызғануға әуес. 

4. Шынайы сезім болса, екі ғашық бір-біріне бірдей дәрежеде тәуелді болады.

5. Шынайы сүйетін адам жұбынан жауапты сезімінің дәлелін талап етпейді. Тіпті, оны өзі дәлелдейді.

6. Сүйетін жаныңызды өзгертуге асықпаңыз. Оны өзгерткен күннің өзінде, сізге деген көзқарасы да өзгеріп кету қаупі бар.

7. Депрессияға шалдыққан адамды сүю қиын. Махаббат адамды бақытты ету керек, бірақ әрдайым ғашығыңыздың қасында болу - бақыттың кепілі емес. Сіздің көңіл-күйіңіз тек өзіңіздің қолыңызда.

8. Қыздар өзінің жары ретінде қайғыға ұрынған есуасты емес, батыл ханзаданы көргісі келеді. Жігіттер де кез келген сәтте шу шығара кететін ұрысқақ қыздардан алыс болуға тырысады. Жұбынан күтпеген жағымсыз әрекеттер адамның жүйкесін тоздырса, күнделікті қайталанатын істері шаршатып, жалықтырады. 

9. Бір сәтте лаулап жанған махаббат сезімі тез сөнері анық. Бақытыңыз баянды болсын десеңіз, екі ғашықтың біреуі сезімге ақылмен қарауы керек. Мысалы, сүйіктіңіз сіздің айқай-шуыңызға жауап қатпаса, бұл оның керең, не енжарлығын көрсетпейді. Бұл - оның сабырлығының дәлелі.

10. Егер ғашығыңыз сізді бір ренжітіп, еш сазайын алмаса, бұл қылығы қайталанатыны айдан анық.

11. Араңызда бір нәрсеге күмәндансаңыз, бұл жайтқа толықтай сенімді дәлел таппағанша, еш амал істемегеніңіз жөн.  

12. Есіңізде болсын! Ақ мерседес мінген ханзадамен кездесу үшін, өзіңіз де қызыл порше мінген ханшайым болуыңыз тиіс (жігіттерге керісінше). Өмірлік құндылықтарыңыз бірдей болуы керек. Қоғамдағы орны бірдей адамдар бақытты отбасы құра алатыны баяғыда дәлелденген. 

7647 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 қаңтар 2012, 14:55
Пікірлер
+0
26 қаңтар 2012, 18:34

12-пунктпен келісемін, өзгелерден аспандағы айды талап етпес бұрын, өзіне де соған сай болу қажет.

+0
26 қаңтар 2012, 20:37

Басқаша айтқанда "Если хочешь, чтоб рядом с тобой была королева, попробуй для начала стать королем". :)

+0
26 қаңтар 2012, 22:05

Жақсы жазылған

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев