Бала да, ересек те естуі тиіс сөздер

Бала да, ересек те естуі тиіс сөздер
Фото: envato.com

Әр ересек – бір кездегі бала. Бала кезде көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсе ересек өмірде көп нәрсеге әсер етеді. Айтылған қолдау сөздері сенімді ұлғайта, кей айтылмаған сөздер "арман" болып қалады. Бүгін ересек те, бала да естуі тиіс сөздерді ұсынамыз.

1. Ашуланып білу де дұрыс. Ондай жағдайда мен тыныштандыруға көмектесемін.

2. Уайымдау да қалыпты эмоция. Мен сенің қасыңда боламын.

3. Көңілің қалу да қалыпты реакция. Бір кездері мен де сезіндім.

4. Барлығы дұрыс.

5. Сенің қалай барсың, солай ұнайсың.

6. Сен мен үшін маңыздысың.

7. Мен сені тыңдап тұрмын.

8. Мен осында, жаныңдамын.

9. Мені бақытты ету міндетің емес.

10. Сен эмоцияларыңнан әлдеқайда маңыздысың, өйткені эмоция келеді, кетеді.

11. Мен  сенің басқаруға келмейтн кей эмоцияларыңды қаншалықты үлкен болса да, оны жеңе аламын. Жеңуге көмектесемін.

12. Мен сенің қалай ойнайтыныңды көргім келеді.

13. Әрине, мен саған қосыламын.

14. Сен менің күлкімнің себепшісің.

15. Мен саған сенемін.

16. Сенің қолыңнан келеді. 

17. Екеуміз де мінсіз емеспіз, бірақ біздің сезіміміз мінсіз.

18. Рақмет.

19. Мен сені мақтан тұтамын.

20. Сенің жанымда болғаныңа қуаныштымын.

21. Қателесе білу де өнер.

22. Асықпа.

23. Сен мықтысың.

24. Мен сенің анаң екенімді мақтан тұтамын.

25. Мен сені кешіремін.

26. Сен әрдайым менің ойымдасың.

27. Мен сені сағындым.

28. Кейде ойды өзгерткен дұрыс.

29. Көмек сұрай білу керек.

30. Мені кешір.

31. Сен менің өмірімді жақылықтарға толтырасың.

32. Сен – қабілеттісің.

33. Сен осыған лайықтысың.

34. Сен мен үшін маңыздысың.

35. Мен сені жақсы көремін.

Т. Есқали