Өз қарым-қатынасымызды басқалармен салыстыруды қалай доғарамыз?

Өз қарым-қатынасымызды басқалармен салыстыруды қалай доғарамыз?
Фото: Ruslan Ziganshin

Әлеуметтік желілердің арқасында басқа адамдардың жеке өмірі туралы көбірек білетін болдық. Құшақтасып тұрған жұптардың суретін көреміз, романтикалық кездесулер мен саяхаттау туралы оқимыз, оларды тойларымен құттықтаймыз. Әрине, көпшілік жақсы сәттерді ғана жаппай көрілімге шығарады да, ұрысты және іш пысуды шынайылықта жасырады. Сондықтан, «неге біз ешқайда бармаймыз», «неге ол маған қымбат сыйлықтар бермейді» деп ренжіп отырғанда, әдемі суреттегі адамдар да солай мұңаяды. Өз қарым-қатынасыңызды басқалармен салыстыруды қалай доғаруға болады?

1. Өмірден жайлылық табыңыз

Басқаның романына қарап қызыққан кезде өзіңізді қандай жағымды нәрселер қуантатынын еске түсіріңіз. Сіз серігіңіздің қасында өзіңізді жайлы сезінесіз бе? Онымен бірге жасаған әр ісіңіз қуаныш әкеле ме? Қандай жағдай болмасын жаныңыздан оның табылатынына сенімдісіз бе? Ендеше, бағалы сыйлықтардан бұрын осындай қарым-қатынасты көбісі армандайтынын ұмытпаңыз.

2. Айыпталушылықтан аулақ болыңыз

«Сол жұп сияқты болғанда жақсы болар еді» немесе «ол А.... сияқты болғанда, бізде солай жүрер едік» деген секілді ойлар кездесіп жүрген адамыңызды айыптауға әкеледі. Ал оның қатынасты бекітуге еш көмегі болмайды. Сізге не ұнайтындығын ойланыңыз: ол сізді күлдіртеді, сізге әрдайым қамқор болады... Оған көбірек жағымды нәрсе жасаңыз, жылы сөздер айтыңыз және онымен көп уақыт өткізіңіз.

3. Достарыңызбен адал болыңыз

Достарыңыздан сізбен толықтай ашық болуын сұраңыз. Өз проблемаңыз туралы айтып, сондай жағдайдан қалай шыққандарын сұраңыз. Олардың да қатынастары мінсіз еместігін түсінесіз. Олар сізге қолдау көрсетіп, жағдайды сырттан бағалап бере алады.

4. Қызғанышты әрекетке айналдырыңыз

Сондай көңілді өмір сүретін жұптарға қарап, аздап көре алмауыңыз немесе қызғанышпен қарауыңыз мүмкін. Алайда барлығын өзгерту өз қолыңызда: романтикалық кешті өзіңіз ұйымдастырыңыз немесе оны қызықты көрмеге шақырыңыз. Сіздер үшін қызықты өмірді ешкім ұйымдастырмайды.

5. Бақылауды доғарыңыз

Егер ештеңе көмектеспесе, әлеуметтік желіден біраз уақытқа шыға тұрыңыз. Сол кезде біреуді аңдығаннан гөрі өз өміріңізді құру маңыздырақ екенін түсінесіз.

А. Жапатова