Бір-біріңе ғашық екеніңді көрсететін белгілер

Бір-біріңе ғашық екеніңді көрсететін белгілер

Махаббаттан жағымдырақ бір ғана сезім бар, ол – ғашықтық. Бәрі жаңа әрі қызықты болып көрінеді, әзірге оның махаббат екенін де білмейсің. Шынымен ғашық екеніңді білдіретін белгілерді ұсынамыз. Әр сәтті бағалаңыз! 

1. Болашаққа көз жүгіртесіңдер. Ол кезде бірге боласыңдар ма жоқ па, оны ойламай, болашақты қуана талқылайсыңдар. 
2. Сағына бересің. Бір күн көрмесең де, сағынып бастайсың. Ол сенің өміріңнің бөлігіне айналғанын көрсетеді. 
3. Өзің жақсы көрмейтін істі онымен бірге жасағанда, ол жағымды бола түседі. Мысалы, биіктен қатты қорқасың. Енді, онымен бірге тауға шығуға қарсы емессің, себебі ол әрдайым қолыңнан ұстап жүретініне сенімдісің. 
4. Оған қамқор болуға қарсы емессің. Мысалы, ол ауырып қалса, өзіңнің шаруаңды қоя тұрып, ол тез жазылуы үшін қамқор боласың. 
5. Онымен бірге өзіңді қауіпсіз сезінесің. Оны сөзбен түсіндіру қиын. Сен іштей ешқандай жамандық болмайтынына сенімді боласың. 
6. Ол – сенің адамың. Егер қандай да бір жаман немесе жақсы нәрсе болса, оны ол бірінші естиді. 
7. Оны «шошытып» алудан қорықпайсың. Оның көзінше бар даусыңмен айқайлап жылап алудан да қорықпайсың. 
8. Ұсақ-түйектің өзінен қуанышты нәрсе көре аласың. Бірге азық-түлік сатып алуға бару секілді істерден жағымды әсер аласың. 
9. Кейде жыныңа тисе де, онымен бірге болуды ойлайсың. 
10. SMS жазғанда бірден жауап қайтпаса, «ол мені өзі жақсы көре ме» деп ойлаудың орнына «бәрі жақсы ма екен» деп уайымдай бастайсың. 
11. Егер оның көңіл күйі болмаса, сен де уайымдайсың. Бір-біріңнің көңіл күйлеріңді бірден қабылдап аласыңдар. 
12. Кино немесе кафенің орнына жай серуендеп жүруді немесе тыныш жерде отыруды жиі қалай бастайсыңдар. 
13. Ол туралы достарыңа айта бергің келеді.

Сіз не қосар едіңіз?

Біздің мақалалар Telegram желісінде. Арнамызға қосылыңыз!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қастықта"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қастықта"
Тарихтағы "біртүрлі" өнертабыстар
Тарихтағы "біртүрлі" өнертабыстар
Жер шарының құны қанша?
Жер шарының құны қанша?
Смартфон неге қызып кетеді?
Смартфон неге қызып кетеді?
Зерттеу: Кептірілген жеміс қыста да пайдалы
Зерттеу: Кептірілген жеміс қыста да пайдалы
Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуына үлес қосады
Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуына үлес қосады