Күлкіден қайтыс болған адам бар...

Күліп жүретін адамдарды әркез жақсылықтар қоршап жүреді деп сенеміз. Күлу – қиын үрдіс. Байқап қарасаңыз бала туғаннан бастап жылайды, ал күлуді үйрену үшін 2-3 ай уақыт керек. Күлкі туралы қандай деректер білесіз?

• Күлу кезінде беттің 17 бұлшық еті жұмыс істейді.

• Адам қатты күлген 10-15 минуттың ішінде шоколадтың калориясын жоя алады.

• Күлкі астма мен бронхит ауруларының алдын алады.

• Күлкі адам бойындағы шығармашылық қабілетті жетілдіреді. Оның қауқары адамн миының екі жарты шарын да іске қосуға жетеді.

• 6 жасар бала күніне 300 рет күледі. Ал ересек адамдар ең көп дегенде 15 рет қана күледі.  

• Күлу арқылы ақша таба аласыз. Күліп жүріп қызмет көрсететін даяшылардың табысы басқалармен салыстырғанда жоғары.

• Әркез күліп жүретін адамдардың көпшілігі Бразилия мен Кубада тұрады.

• Жақсы әзілдей алатын ер азаматтар ақылды көрінеді. Емін-еркін жарқылдап отырып күлу еркектерге тән қасиет ретінде саналады.  

• Әңгіме барысында әйел адамдар ер адамдармен салыстырғанда 26 пайызға көбірек күледі. Сондықтан ер адамдар көбіне күлдіртуге әуес.

• Хулиан дель Касаль атты Куба ақыны күлкіден қайтыс болған. Өмір бойы күйзеліспен өмір сүріп, жиі күле бермейтін ол мейрамханадағы кездесуде қатты күлген. Оның жүрегі бұл күшке шыдамай өмірден өткен.

• Күлкіні және оның адмдарға әсерін зерттейтін ғылым саласы гелотология деп аталады. Зерттеуші ғалымдар күлкі адамға бақыт сыйлайды дейді.

Әрдайым күліп жүріңіз!