Мен өзімнің ақылды екеніме сенемін

Мен өзімнің ақылды екеніме сенемін
Фото: shkolazhizni.ru

Сіздің ойыңыз бен сөйлеген сөзіңіз өмірлік тәжірбиеңізден хабар береді.  Бірақ тек сізді түсінетін және тыңдайтын адам ғана қабылдайды десеңіз қателесесіз. Сіздің өзіңіз де бұдан сабақ аласыз.

Күніне өзіңіз туралы тұщымды пікірді ойласаңыз, денеңіз де сол ойды шынайы қабылдайды. 

– Мен өзімнің ақылды екеніме сенемін.
Өзімнің жеке шаруаларыма келгенде, өзімнің ішкі дауысыма құлақ асамын. Ол әркез дұрыс жолды көрсетеді. Мен оған сенемін.

– Мен кешіре аламын.
Кешірім – өзіңді өткеннің құшағынан алып шығу. Кешірім – барлық мәселенің шешімі. Кешірім – өзімнің-өзіме деген сыйым... Мен кешіремін.

– Мен сүйген ісіммен айналысамын.
Менің өмірімнің әр сәті маңызды. Менің әрекетім орынды әрі оны ойланып істедім. Сондықтан өкініш дегенді ешқашан ойламаймын. 

– Мен мінсіз ортада өмір сүремін.
Менің арманым – айқын. Ол менің мақсаттарды реттеуіме, сол мақсат бойынша еңбек етуіме әсер етеді.

– Мен – күштімін.
Менің өткенмен күресуге әрі оны жеңуге қауқарым жетеді.

– Мен өзгерістерге дайынмын.
Кез келген қиындықты жеңіл қабылдаймын. Өзгерістер тәжірибе сыйлайды.

– Мен жаман ойларды жеңе аламын.
Бұл – бар болғаны ой. Кез келген ойды жеңуге болады. Мен әркез ой үстінде жүремін. Осылайша дұрыс ойлауды, әлемге өзге көзқараспен қарауды үйренемін.

– Мен сәтсіздігіме өзім ғана кінәлімін.
Мен өзгені кінәламаймын.  Өйткені мен жасаған кез келген әрекеттің  шешімі – менің тәжірибем.

– Мен еш нәрсе күтпеймін.
Күтудің аяғы өкінішпен аяқталады.  Мен тек сенемін.

– Менің өмірім – менің айнам.
Айналамдағы адамдар, менің ойларым, сөздерім  – менің өмірімнің айнасы. Бұл адам ретінде өсуге, өзгеруге мүмкіндік береді.

– Мен – тәуелсізбін.
Мен еркіндікте өмір сүремін. Адамдардың ойлары мен олардың мен туралы шығарған үкімдері маған әсер етпейді.

– Мен өмірді сүйемін.
Менің таңдауым, менің қалауым барлығы менікі. Оған зиян келтіруге, оны жоюға ешкімнің құқығы жоқ.

Өзімшіл болыңыз! Өзіңізді сүйіңіз!

 

Т. Есқали