Зейінді шоғырландыру

Зейінді шоғырландыру

Есте сақтау қабілеті нашар екенін айтып шағымданатын адам көп. Мұның барлығы ең қажетті ақпаратқа зейінді шоғырландырып, қаперімізге тоқып ала алмауымыздан. Бар назарды керекті мәліметке бұруға арналған жаттығулар бар, орындап көріңіз. 

– Кез келген қызықсыз затты қолға алып, бар назарыңызды тек соған арнаңыз. Мысалы, қолыңызға қарындашты алыңыз. Бес минут бойы осы қарындашқа қарап отырыңыз. Мұқият қараңыз, ол туралы ойға беріліңіз, айналдырыңыз, әр қырынан қарап шығыңыз, зерттеңіз, қай жерлерде қалай қолдануға болатынын ойланыңыз, сапасын, материалын, шыққан жерін ойлаңыз. Қарындаштан басқа ештеңені ойламаңыз. 

Осы қарындашты зерттеу өмірдегі басты мақсатыңыз деп ойлаңыз. Бүкіл әлемде қарындаш және сіз ғана, басқа ешкім, ештеңе жоқ. Назарыңыз басқаға ауып кетуіне жол бермеңіз. 

– Осы жаттығуды жиі қайталап тұрсаңыз болады, әр кезде қарындаштан басқа қызықсыз нәрселерді қолға алыңыз.

– Секундтық тілі бар сағатты қолыңызға алыңыз. Бірнеше сәтке бойыңызды босаңсытып, ойыңызды жинақтаңыз. Дайын болдым деген кезде секунд тілімен ойыңызды жылжытып отыруға тырысыңыз. 

Екі минут бойына дүниеде осы сағат тілінен өзге түк жоқтай, бар ойыңызды арнаңыз. Ойыңыз басқа арнаға бұрылып кетсе дереу тоқтаңыз. Жаттығуды басынан бастаңыз. Екі минут бойы осы әсерден шықпауға тырысыңыз.

Ыдыс жуған кезде де осындай жаттығулар жасауға болады. Қасықты қолыңызға алып, оны жуғанда ойша «Старт» деп айтыңыз. Миыңызда осы операцияны қалай жасар едіңіз, сондай жылдамдықпен жуыңыз. Қасықты кептіретін орынға қойып жатқанда ойша тағы да «Стоп» деңіз. Одан кейін келесі ыдысты алып, дәл осылай қайталаңыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда