Карлос Кастанеда: Өмір – күрес алаңы

Карлос Кастанеда: Өмір – күрес алаңы
Фото: vk.com

Ойшыл, жазушы, этнограф Карлос Сесар Сальвадор Аранья Кастанеда өзінің бір еңбегінде өмірден түйген маңызды 15 ойын жіктеп жазған болатын. Назарларыңызға ұсынамыз.

– Уақытыңызды бір жолға ғана арнау  – бос әурешілік. Сіз саяхаттаңыз. Теңізге тап болсаңыз, кеме табыңыз. Дауылды күні пана іздеңіз. Жаңбыр жауса қолшатыр сатып алыңыз. Тек саяхаттауды доғармаңыз.

– Біреуге жасаған тірлігіңізді түсіндіруге уақыт жоғалтпаңыз. Әр түсіндірмеңіздің астында кешірім тілеу жататының естен шығармаңыз.

– Өмірден керегіңді алу үшін өзгерістерге дайын болуың керек. Өкінішке орай өзгерістер үлкен еңбекті, уақытты талап етеді.

– Ешқашан ешкімге ашуланба!

– Таңдаған бағытыңның тек бағыт екенін ұмытпа. Оны өзгертуге де, оны қайтадан бастауға да сенің құқығың бар.

– Өзіңнің қолыңнан келмейтін нәрсеге ұмтылғың келсе, барлық еңбекті төменнен бастау керек деген ұғымның да барын естен шығарма.

– Өмір – түс. Қорқынышыңды жең әрі ақталудың керек еместігін ұғын.

– Сізге кедергі келтіретін – сіздің ішкі жан-дүниеңізге орналысып алған қорқынышыңыз.

– Өзіне есеп бермейтін адамнан сақтан. Оның өмірінде сіздің жоқ болуыңыз бір-ақ сәт.

–  Біздің өмірімізге нәр беретін ең ақылды кеңесші – өлім. Өлім туралы ойлар ғана сізді армандарға жол ашуға итермелейді. Өлім туралы ой сізді тәрбиелейді.

– Әркімнің өз жолы бар. Жолдар ешқайда апармайды. Өмірдің мәні сол жолда жүре алуыңда жатыр.

– Өзіміздің бойымыздағы надандықты жеңуге біздің уақытымыз бен күшіміз кетеді. Жеңіс маңызды.

– Ең улы нәрсе – ойымыз. Дәрі де – ойымыз. Ойыңыз жоғалтып алмаңыз.

– Соғыс өнері адами болмыстың жақсылығы мен жамандығы арасындағы теңдікті сақтауда жатыр.

– Адам болу үшін жауынгер болуың керек. Өмір – күрес алаңы.

Т. Есқали