Миллиардер Ричард Брэнсон 10 жасында өз-өзіне хат жазған

Миллиардер Ричард Брэнсон 10 жасында өз-өзіне хат жазған
Фото: SRGMarketing.com

Virgin компаниясының президенті, миллиардер Ричард Брэнсон 10 жасында өз-өзіне хат жазған. Хатында айтылған кәдеге жарайтын кеңестер:

"Қызық нәрселерге деген құмарлық сені қызығушылығы жоғары адам етіп қалыптастырады, әлемге, әлемнің мүмкіндіктеріне көзіңді ашып қарауыңа көмектеседі. Ол саған бұл өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін дәлелдейді".

"Ешқашан армандауды, бірдеңе жасап шығаруды доғарма". 

"Ешкімнің арманыңа кедергі болуына жол берме". 

"Сен көптеген қиындыққа жолығасың, "қолымнан келмейді" деп ойлайтын боласын. Бірақ бұл қиындық сені тоқтатпасын, ой-өрісің қиын жағдайдан шығатын жолды нұсқасын". 

"Қателікті көп жасайсың. Бірақ бұл бір жолда тоқтап қалуыңа себеп емес. Сәтсіздік – өмірдің ұлы сабағы әрі ең жақсы жолды таңдататын себеп". 

"Рахаттанып өмір сүру керектігі есіңде болсын". 

"Үлкейген сайын сүйікті ісіңмен айналысуың керек екенін ұғынасың. Егер істеген ісің жаныңа рахат бермесе, оған уақытыңды құртудың қажеті жоқ".

М. Оңғарова