Кәсіпкер Ричард Брэнсонның айтқан сөздері #1

Кәсіпкер Ричард Брэнсонның айтқан сөздері #1

«Сіздің қоңырауыңыз біз үшін өте маңызды, бірақ дәл қазіргі уақытта барлық операторлар бос емес» деген сөздер көп адамның ашуын келтіреді. Ал "Virgin Atlantic" әуе компаниясының клиенттері бұл сөздің орнына келесі жауапты естиді: «Сәлеметсіз бе, менің есімім Ричард Брэнсон, мен "Virgin Atlantic" әуе компаниясының иесімін. Дәл қазір барлық операторлар бос емес. Бұл - нағыз бассыздық. Сондықтан 18 секунд ішінде сіздің қоңырауыңызға ешкім жауап бермесе, сіз 450 фунт жеңілдікке ие боласыз. Мен кері қарай санауды бастаймын – 18, 17, 16, 15...»
Клиент бұл сөздерді тыңдаған соң, оператордың тұтқаны алмауын барынша тілейді. Мұны небары 10 жылдың ішінде қарапайым музыкалды дүкенді әлемнің түкпірлерінде қанат жайған көп салалы бизнесті қалыптастырған Ричард Брэнсон ойлап тапқан. Оны ерекше мінезі үшін хиппи миллионер деп атайды.
1. Егер сіз кәсіпкер бола тұра қателеспеген болсаңыз, сіз кәсіпкер емессіз.
2. Өзіңізге ұнамайтын іспен айналыспаңыз.
3. Мен бизнесті үнемі қызықты іс ретінде қабылдаймын. Сондықтан болар қай кезде жұмыстың аяқталып, қай кезде жеке өмірімнің басталғанын байқамай қаламын.
4. Менің ар-ұятым қателескенімді мойындауға кедергі келтірмейді.
5. Маған нашар қызмет көрсеткен кезде қатты қуанамын. Жоқ, мен мазахист емеспін, тек менің барлық идеяларым маған нашар қызмет көрсеткен кезде пайда болған еді.
6. 40 жылдық бизнесімде менен де жақсы ұсыныстарды мойындау қасиетім көп көмектесті.
7. Кәсіпкерлікте консервативті ойлауға болмайды. Ол сіздің қанатыңызды кесіп, әлсіз етуі мүмкін.
8. Сізді «болмайды» деген сөздің тоқтата алмайтынына сенімдімін.
9. Мен үшін бизнес – талантты адамдарды бір арнаға жинап, жанымыздағылардың өмірін өзгерту.
10. Нар тәуекелге барудан қорықпаңыз.
11. Азға уәде беріп, нәтижесін айтарлықтай орындаған жөн.
12. Мен үшін қызметкерлерімнің кешірім сұрағанынан жаман еш нәрсе жоқ.
13. Бизнесте өмірдегідей жақсылық жасаудың маңызы зор.
14. Мен бұрынғыдай адамдармен хат алмасқаннан гөрі сөйлесуді ұнатамын.
15. Менің ең үлкен жетістігім – адамдарға тәуелсіздік сыйлап, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеп, мақсатына жетуге ұмтылдыруда.
16.  Өзім өмір бойы кабинетте отырып жұмыс істеуді ұнатпағанмын. Тек үш жерде жұмыс істейтінмін: үйде, яхтада және гамакта.
17. Ешкім де өлім аузында жатқанында кеңседе аз уақыт өткіздім деп өкінген емес.
18. Мен халатта жүрсем де бизнесменмін. Өзімді кәсіпкер сезінуіме костюмнің ешқандай қатысы жоқ.
19. Кез келген ұйымда жұмыс істейтін адам бір рет болсын костюмін шешіп, қолын былғайтындай еңбек етуі тиіс.
20. Қызметкерлеріңізге өзіңіздің электронды мекен жайыңыз бен телефон нөміріңізді беріңіз. Олар маңызды шешім қабылдар кезде сізден көмек сұрауға болатынын білетін болады.

Жалғасы бар ...

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru  

Қ. Бүйенбай