Азаматыңыздың бағасын арттыру үшін...

Азаматыңыздың бағасын арттыру үшін...
Фото: Главная

Қазіргі қоғамда әйелдер қауымы нәзік болмысын жоғалтып, қаталдау кейіпке еніп бара жатыр. Өте мықты, тым ақылды қыздар жігіттер қауымына аса ұнай бермейтінін білеміз. Соны біле тұра, бұл әдеттен арылудың жолын іздеп көрген емеспіз. Жігіттер бала секілді болып келеді. Оларды кез келген әрекетпен алдай салуға болады. Алайда, көп жағдайда өз ақылымыздың артық екенін аңғартып, олардың осал тұсын көрсетіп қойып жатамыз. Ер адамдардың беделін көтеріп, жауапкершілігін арттыруымыз үшін не істеуіміз қажет?!

1. Олардың мықты екенін өзіңе де, өзгеге де көрсете біл. Көпшілік ортада шамадан тыс мақтанып немесе сізге ұнамайтын әңгіме айтып жатса, қашанда айтқанына бас шұлғып, көзқарасын дұрыс деп есептеңіз. Оңашада ғана әңгіменің мән-жайын түсіндірсеңіз болады.

2. Оның жанында өзіңізді тым әлсіз көрсетіңіз. Қарапайым ғана банканың қақпағын ашу, қисық  диванды жөндеу жұмыстарын ешқашан өзіңіз реттей салмаңыз. Ер адам өзіндегі  мықтылықты ұсақ-түйек әрекеттерден де аңғаруы тиіс.

3. Үндемей құтылыңыз. Кез келген жағдайда үнсіздік көмектеседі. Кейін ренжіген түр танытып, өкпе-ренішіңізді ақтарып аласыз.

4. Отбасы жағдайында оның табысын жоғарыға қойыңыз. Балаларыңыздың үстіндегі киімі мен ішер асы азаматтың маңдай тер еңбегі екенін үздіксіз қайталаудан жалықпаңыз.

5. Қара жұмыс жасаса да жұмысын құрметтеңіз. Әр ісіне аса тәртіппен қараңыз.

6. Көңіл бөлмейді деген сылтауды ешқашан айтпаңыз. Көңіл бөлуге лайық боп жүріңіз.

7. Ыңғайсыз жағдайда достарын ертіп келсе, ешқашан қабақ шытпаңыз. Сіз достарының алдында ұятты қылғаныңызбен қатар, еркектің намысына нұқсан келтіретініңізді ұмытпаңыз.

8. Теледидарға таласпаңыз. Футбол көргенді ұнататын болса, кедергі болмаңыз. Керісінше, әсермен көретіндей жағдайын жасаңыз. Ер адам өзі қалаған іспен айналысқаннан жаны рахаттанады.

9. Үнемі еркелеп жүріңіз. Үнемі күліп жүруді әдетке айналдырыңыз.

10. Кез келген жағдайда өзіне деген құрметті, отбасында барлық жауапкершілікті сезіне білсін.

Ә. Жутаева