Тұтастықты сақтаған заңдылық

Тұтастықты сақтаған заңдылық
Фото: amur.kz

Ғаламның «адами» тұтастығын ұстап тұратын жеті заңдылық бар. Заңдылықтың сақталу-сақталмауы әлем жағдайында көрініс тауып жатқандай. Ал сіз бұл заңдылықты білесіз бе?

1. Өзгеріс заңдылығы

Егер сіз өзіңізді өзгерткіңіз келсе, бұрынғы қағидалардан бас тартыңыз. Кешіккіңіз келмесе, себебін анықтаңыз. Жұмысқа ерте келуге кедергі келтіретін істі ысыра тұрыңыз. Жаңа іс бастауға ешкім кедергі емес. Тек амалын тауып, ойыңызды шындыққа айналдыра алсаңыз, болғаны.

2. Айналым заңдылығы

Қалағаныңызды алу үшін тәуекел жасауға дайын болыңыз. Қолымдағыдан айрылып қаламын деген ойдан ада болыңыз. Егер сіз жігерлі адам болсаңыз, уақыт өте келе айрылып қалған затыңызды кері қайтара аласыз. Оған күмәніңіз болмасын!

3. Қиялдау заңдылығы

Өз қиялыңызға өзіңіз баға бере алсаңыз, арманыңыздың өзгергенін байқай алсаңыз, бұл заңдылықтың орындалғаны деп біліңіз.

4. Шығармашылық заңдылығы

Шығармашылықпен барлық адам айналыса алады. Бастысы, ниет! Бойыңыздағы қуат, ерік-жігер мен арманның шексіздігі сізді жерде қалдырмайды.

5. Жақсылық жасау заңдылығы

Егер сіз танысыңызға бірнәрсе берсеңіз, «жақсылыққа» деп беріңіз. Ал сізге сый келсе, оны басқалармен бөлісе біліңіз. Жомарттық деген – үлкен өнер. Шық бермес Шығайбайлықты білмеген абзал. Бармен бөліскен ұлы іс екенін ұмытпаңыз.

6. Қайтарым заңдылығы

Алымның берімі бар. «Орны ойсырап қалды» деп берген затыңыздың мұңын мұңдап қажет емес. Ол қомақты қаржы немесе өзіңізге қымбат дүние болуы мүмкін. Бірақ мұның түбі ажырамас достыққа, үлкен іске бастама болуы мүмкін. Қайтарымын берген затпен өлшемеген абзал.

7. Кешіру заңдылығы

Егер сіз біреуді кешіре алмай жүрсеңіз, өткенде қалған «өртті» өшіре алмай жүрсеңіз, рухани байлыққа ие бола алмайсыз. Көкірегіңізді кек кеміріп жатса, сезімнен жұрдай боласыз. Сол себепті ашуыңызды шай орамал кеппес бұрын жеңе біліңіз. Рухани байлықты қамап ұстайтын залым – кек.

Г. Берік