Қиял мен шындықтың араласқан әлемі

Қиял мен шындықтың араласқан әлемі

Суретші Бен Хейн фотосурет пен қарындашпен салған суреттерді біріктіре отырып, қиял мен шындықтың араласқан әлемін жасап шығарды.

Бұл картиналардың ешқандай құпиясы жоқ. Әуелі Бен қағазға салар дүниесінің нобайын сызып алады. Содан соң нысанын шынайы бейнесінде суретке түсіріп алады. Артынан суретін фотошопта өңдеп, қаныққан түрлі түстер үстемелейді. Соның нәтижесінде таңғажайып туынды дүниеге келеді. Бары сол ғана. Әрине бұл үшін үлкен ерік-жігер мен қатар табиғи таланттың да керегі анық. 

Бен 2010 жылы алғашқы картинасын жеке бір хатын суреттермен түсіндіру кезінде, байқаусызда жасап шығарды. Қазір суретшінің коллекциясында 100-ге жуық картиналар бар. Олардың тақырыбы: махаббат, еркіндік, достық, өлімнен кейінгі өмір, және т.б.

«Мен өнерімді халық үшін жасаймын. Олар бір сәт күйбең тірліктен бойларын суытып, қиял әлеміне енсе деймін. Мен көп жылдар бұрын өлең шығарғанмын. Енді бүгін өз туындыларым арқылы поэтикалық және философиялық ойлар айтқым келеді. Әрбір картинам әсем әуен мен өрнекті өлең секілді көңіл пернесін дәл басып, тарихтан сыр шерткенін қалаймын.»

Сіздердің алдарыңызда қарындашпен шынайы суретті астастырған 30 картина.

 

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: byaki.net

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері