Барлығына үлгергіңіз келсе...

Өкінішке орай, өзіміз қалаған жұмыспен айналыcуға тәуліктегі 24 сағат жетпей жатады. Осыған орай, оқырманымыз Майра Мырзахметова уақытымызды үнемдеуге көмектесетін кеңестер туралы мақаланы аударып, поштамызға жолдаған екен. Сіздерге пайдасы тиер деген ниетпен назарларыңызға ұсынамыз. 

Әрқайсысымыздың күнделікті өмірде жоспарлы жұмыстарымызға энергия мен уақыттың жетпей жататыны анық. Осындай сәттерде жұмысты жоспарлап және оны дамытудың түрлі техникасы мен әдіс-тәсілін қолдануға болады.

1. Біріншіден, ең маңызды істерге көңіл бөліңіз. Әйтпесе, күнделікті өмірде 80% істеріміз ойдағыдай нәтиже бермейді.

2. Ұйқыны қандыру, дұрыс тамақтану мен дене жаттығулары өзіңізді жақсы сезініп, нәтижелі мақсаттарға жетуге көмектеседі.

3. 2 минут ережесі. Егер 2 минут ішінде бір жұмыс атқара алсаңыз (мәселен, хатқа жауап беру немесе жұмыс үстеліңізді жинауға) онда оны дәл қазір жасаңыз! Егер ол жұмысты кейінге қалдырсаңыз, кейінірек ол 2 минуттан көбірек уақытты алады немесе мүлдем жасамауыңыз да мүмкін.

4. 5 минут ережесі. Қиын да іш пыстыратын тапсырмамен күресудің тамаша жолы. Алдыңызға мақсаттарды қоя тұрып, дереу осы жерде және дәл қазір атқаруға тырыспаңыз. Керісінше, күнделікті 5 минут бөліп отырыңыз. Бір кезде сіз 5 минуттан асып кетуіңіз мүмкін, бірақ бұл сіздің жұмыс процесіне еніп, ендігіде ешқандай қиындықтар сізге кедергі бола алмайтынын білдіреді

5. «Сайнфелд табысы» ережесі. Егер белгілі саланың маманы болғыңыз келсе, күнделікті ол үшін бірдеңе жасап үйреніңіз. Міндетті түрде күн сайын, мереке, демалыс күндері және жұмыс күндері де. Ешқашан ұмытпауыңыз керек!

6. 5 минут ережесімен бірге жақсы әдеттерді қалыптастарыңыз. Бұл қажетті әдеттерді бойыңызға тезірек жинауға көмектеседі. Бұл әдіс шынында да жұмыс істейді!

7. Сіздің жадыңыз - қатты диск емес! Маңызды мәліметтерді дәптер, блокнот, күнделікке, ұялы телефонға жазуды әдетке айналдырыңыз. Ең бастысы, жазуды тоқтатпаңыз.

8. Қолда бар барлық аспапты қолданыңыз. Қазіргі заманауи бағдарламалар жұмыс процесін жеңілдетеді. Тек ішінен өзіңізге қалам мен қағаз болса да, қажеттісін таңдаңыз.

9. Күнделікті қайталанатын әдеттер кез-келген жұмысты өлтіруі мүмкін. Оған бағынбас үшін ең бірінші тәртіп керек. Күнде таңертеңнен жұмыстарыңызды жоспарлап алыңыз. Бұл күні бойы өзіңізді жақсы сезінуге, қажетсіз тапсырмаларды атқару немесе бас тартуды жоспарлауға көмектеседі.

10. Уақытты жоспарлаудың әсерлі техникасы. 25 минутта тапсырмаларды орындауға шектеулі уақыт қойыңыз. Осы мезет аралығында ештеңеге алаңдамаңыз. 5 минутқа үзіліс жасауға болады. Тапсырмаға қайтадан кірісіңіз. 25 минуттық 4 тапсырманы орындап жатқан кезде арасында 15-30 минуттан демалыңыз.

11. Құлаққап тағып алыңыз. Тіпті әуен тыңдаудың қажеті жоқ, есесіне жаныңыздағы адамдар болмашы нәрселермен сізді мазаламайтын болады.

12. Жиі-жиі электронды поштаңызды тексеруді доғарыңыз. Күніңізді поштаңызды оқудан бастаудың және аяқтаудың жөні жоқ. Поштаңызды тексеруге оңтайлы санды, мерзімді белгілеп алыңыз. Мысалы, сағат 11.00-де, 14-17.00-де тексеруге дағдылануға болады. Есіңізде болсын: сіздің поштаңыз тапсырмалар тізімі емес. Барлық хатты топтап, кейіннен қажетсіз файлдарды папкаға сақтап немесе жоя аласыз. Жұмысқа қатысты және жеке хат-хабарларды шатастырмаңыз.

13. Телефон қоңырауларына да осы ережелерді қолдану керек. Үнемі қоңыраулар үшін қол жетімді бола бермеңіз. Телефонды дыбыссыз режимге қойыңыз. Біреуге қатты қажет болсаңыз, қайтадан қоңырау шалады, ал қалғандары сіздің уақытыңызды алуы мүмкін.

14. Пошта тексеру, әлеуметтік желілерге кіру, телефонмен сөйлесу сияқты ұсақ шаруаларды бір уақытта орындаңыз.

15. Күніңізді сіз үшін маңызды, жүзеге асуға тиістілерінен бастаңыз.

16. Сіздің ерік-жігеріңіз шексіз. Маңызды шаруаларды күннің бірінші жартысында шешіп тастаңыз. Түстен кейінге ерік-жігеріңіз қалауынша қалған жұмыстарды атқаруға болады.

17. Ең бастысы, өзіңізден бұл жерде және қазір не істей алатыныңызды сұраңыз. Сосын № 4 ережені қолданыңыз.

18. Айналыңыздағының барлығы мінсіз болуы тиіс еместігін ескеріңіз. Жан-жақты «жылтыратуға» көп күш қажет. Бұл жерде старптаптардың «Егер сіз өніміңіз үшін аз да болса ұялып тұрсаңыз, онда сіз оны тым кеш шығарған боларсыз» деген әйгілі сөздері еске түседі.

19. Жан-жақтағы қысым бізге керемет әсер етеді. Басшылық тарапынан сөгіс алу мен мақтау естуге талпыныс аз уақыт ішінде нәтижеге жетуде үлкен ынталандыру болып табылады.

20. Өз демалысыңызды жоспарласыңыз. Кішкене демалып алу ешкімге кедергі болған емес. Қызу жұмыстан соң жаңа идеялар туындауына да пайдалы. Басқа шаруарлармен айналысаңыз.

21. Өшіріңіз. «Жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Мән бермеңіз. Басқалардың жоспарын бұзыңыз. Өзгенің емес, өз жоспарларыңызбен өмір сүріңіз.

Осы тәсілдерді пайдалан отырып жаңа күш-қуатпен жұмысты бастай берсек те болады.