Жігіттер, олар сондай...

Жігіттердің болмысын тануға әрқашан құмар қыздарға олар туралы қызықты фактілермен таныс болуға ұсынамыз.

Әлемдегі орта статистикалық жігіттің бойы - 176 см
. Жігіттердің жүрегі минутына 70 рет соғады (қыздардікі 80 рет). Қыздар кеудесімен, ал жігіттер ішімен дем алады екен. Ер жігіт ағзасында тері бездері қыздардікінен 1,5 рет есе көп. Қыздарға қарағанда жігіттер арасында солақайлар 2 есе көп. Олардың денесінің температурасы біздікінен 0,2 градусқа жоғары боады. Ал қандары 10%-ға қоюырақ. Қарым-қатынас пен тартымдылыққа жауап беретін ми бөліктері біздікінен 1,3 есе үлкен. Олардың есту мен иістерді ажырату қабілеті осал дамыған. Алайда көрумен қиындықтары жоқ. Жігіттердің миының сол жақ бөлігі жақсырақ дамыған. Бұл бөлік логикалық ойлауға жауап береді. Ер кісілер стрессті бізден жаман өткереді, сол себепті ішкі ағзаларының ауруларына жиі шалдығады. Жігіттер қыздарға қарағанда "қоғамдық" жаратылыстар. Олар достарымен жиналып, футбол қарауға әрқашан құмар. Қыздар болса, жалғыз да өздерін бақытты сезіне алады. 20-30 жастағы басы бос жігіттер мен қыздардың қатынасы 10:12. Жігіттердің 25%-ы қыздың көз жасын көрмеу үшін өтірік айта салуға дайын. Жаңа танысқан жігіттің саған деген сезімдері пайда болса, ол міндетті түрде 3 күнде хабарласады. Жігіттер смс пен хат жазғаннын орнына қоңырау шалғанды жөн көреді. Ғаламтордағы онлайн дүкендерінің ең жиі қонақтары бойдақ ер кісілер.

Жалғасы бар.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mail.ru