Тест: "Өміріңізді қалай елестетесіз?" (жауабы)

Тест: "Өміріңізді қалай елестетесіз?" (жауабы)

Төменде өмірге деген көзқарасыңыздың қандай екенін, алдыңыздан шығатын қиындықтарды қалай жеңетініңізді көрсететін тестінің жауаптары берілген. Оны оқып, шынайылыққа қаншалықты сәйкес келетінін анықтап көріңіз. 

1. Жол сіздің өзгелерге деген қарым-қатынасыңызды көрсетеді. Магистраль – өте белсенді екеніңізді білдіреді. Қашан да барлығына үлгеріп, жаңа белестерді бағындыруға дайын жүресіз. Ал ауыл арасындағы немесе қара жол өміріңіздің барынша тыныш, отбасыңыздың берекелі екенін айғақтайды.

Жолда жатқан тастар түрлі қиындықты білдіреді.

2. Күн – сіздің мақсатыңыз бен жоспарыңыз, идеяларыңыз. Күн енді атып келе жатса, іске жаңадан кірісіп жатқандығыңыз. Тас төбеңізде тұрса, дәл қазір мақсатыңызды жүзеге асыру үшін барынша еңбектеніп жүргеніңіз. Ал оның батып бара жатқандығы қолыңыздан келгеннің барлығын жасағандығыңызды, мақсатыңызға жеткендігіңізді айғақтайды.

3. Алдыңыздан шығатын қақпа, қиындықтарды қалай өткеретіндігіңізді көрсетеді. Қақпаның тұтқасын іздейтін жандар мәселені шу шығармастан реттеп, байсалдылық танытады.

Тікмінезді жандар қақпаның үстінен секіріп өтуді жөн көреді. Әдетте мұндай адамдар шешімді тек өздері қабылдайды.

4. Орман – сіздің жан дүниеңіз. Ол қаншалықты жарқын болса, жан дүниеңіз де соншалықты мейірімге толы болады.

Ну орман білімге құштар жан екеніңізді білдіреді.

Тек рационалдық тұрғыдан ойлап, өмірден не керегін білетін, сенімді, адал жандар қарағайлы орманды таңдайды.

5. Кілт – сіздің бақытыңыз. Рухани байлықты аса бағаламайтын жандар кілтті үлкен етіп елестетеді. Олар үшін махаббат, мейірім, адалдық сынды сезімдердің маңызы зор.

Дүние-мүлікті бірінші орынға қоятын жандар керісінше үлкен кілтті таңдайды.

6. Су қоймасы – сезімге берілгіштігіңіз бен ғашығыңызға деген сүйіспеншілігіңізді білдіреді. Оның тереңдігі сіздің сезіміңіздің тереңдігімен пара-пар.

Тыныш ағып жатқан өзен өте сабырлы жандар екендеріңізді білдіреді. Ал арқырап аққан су сезімге құштар, ұшқалақ жан екеніңізді меңзейді.

7. Судың жағасында отыратын жандар қасында тек сүйіктісінің болғанын қалайды. Ал көпшіліктің ықыласына бөленуді қалайтын адамдар, міндетті түрде суға шомылады.

8. Оның жанында қалуға келіскеніңіз, толықтай сенім артатындығыңызды меңзейді.

9. Жолдан кейінгі үй – сіздің ары қарайғы өміріңіз. Әлі де кедергілердің бар екенін көрсеңіз, өмірден еш сабақ алмағаныңыз.

10. Күннің қай жерде тұрғандығы әлі орындалмаған мақсаттарыңызға жету, жетпеуіңізді білдіреді.

Құрметті оқырман, сіздің нәтижеңіз қандай болды? Массагеттік достарыңызбен бөлісе отырыңыз. 

Қ. Бүйенбай