Тест: "Өміріңізді қалай елестетесіз?"

Тест: "Өміріңізді қалай елестетесіз?"
Фото: Бекзат Кадирбеков

Төмендегі қарапайым тест өмірге деген көзқарасыңыздың қандай екенін, алдыңыздан шығатын қиындықтарды қалай жеңетініңізді көрсетеді. Сол себепті, қиялыңызға барынша ерік беріп, төмендегі сұрақтарға жылдам жауап беруге тырсыңыз. Жауабын бөлек жариялайтын боламыз.

1. Өзіңізді үлкен жолдың үстінеде тұрмын деп елестетіңіз. Бұл қандай жол? (Ауыл арасындағы жол, қара жол, магистраль)

2. Дәл қазір күн қайда? (Тәулікке қатысты айтылып жатыр)

3. Сіз өзіңіз таңдаған жолмен жүріп келе жатқан кезде, алдыңыздан қақпа шығады? Ол қандай қақпа? (Ағаш, тас немесе темірден жасалған қақпа)

4. Бұл қақпаны қалай ашасыз? Бір орында тұра бересіз бе, әлде оны сырт айналып кетесіз бе?

5. Жаңағы қақпа артта қалды, алдыңыздан ну орман күтіп тұр. Ол қандай орман? (Қиял-ғажайыпқа толы, қарағайлы, қорқынышты хайуандарға толы орман)

6. Орманға жақындаған кезде кішкене жолды байқайсыз. Артынша сол жолда жатқан кілтті көресіз. Ол кілт не үшін керек?

7. Орманнан шыққан соң су қоймасын көресіз. Бұл су қойма қандай? Онымен не істеуге болады? (Шомыласыз, жағасында отырасыз)

8. Су қоймасынан кейін қиялыңыздағы үйге жетесіз. Оның ішінен болашақ жарыңыз шығып, мәңгілік бірге болуды ұсынады. Қандай әрекет жасайсыз?

9. Үйден кейін тағы да жаңа жолдар шығады. Ол қандай жол? Әлі де қиындықтар күтіп тұр деп ойлайсыз ба? Ал ол қиындықтар қандай? (Бұл басқа қиындықтар, жолдың басындағы қиындықтар қайталанып жатыр)

10. Дәл қазір күн қай жерде тұр?

Құрметті оқырман, жауабыңызды төменде пікір ретінде жазуыңызға болады. 

Қ. Бүйенбай