Сүйіктіңіздің адалдығы туралы білгіңіз келсе (қыздар үшін) # 2

Басы

Әр бойжеткен сенімді, өмірінің соңына дейін адал болатын өмірлік жарын жолықтыруды армандайды. Оны қай кезде жолықтыратыныңызды білмесеңіз де, таңдаған сүйіктіңіздің қаншалықты адал екеніне зер салыңыз.

Таразы: Жүрегі өте нәзік.
Адалдық деңгейі: 1

Олар болашақта адал жар әрі жақсы дос бола біледі. Өзгелердің жүрегін жауламайды. Отбасылық мәселелерде шешім қабылдай алмай қиналады. Әрдайым сүйіктісінен өздері жасаған әрекеттері үшін мақтан сөз естуді ұнатады. Тұрақтылықты қалайтындықтан, айырылысудың себепшісі бола алмайды. Өзгелерге көңілі ауған жағдайда, өзін барынша жайсыз сезінеді.

Сарышаян: Махаббатты қадірлемейді.
Адалдық деңгейі: 3

Сырын жұртқа жая бермейтін жұмбақ қыздар сарышаяндарға ұнайды. Өздері де жақындарына көп сыр білдірмейді. Өкінішке орай, жігіттердің ішіндегі ең сенімсіз адамдар. Отбасын көзінің қарашығындай қорғайды.

Мерген: Қайда жүрсе де мерген.
Адалдық деңгейі: 3

Оның аты мінезіне сай. Эксперимент жасауға құмар келеді. Барлығының дәмін татып көреді. Махаббат сезімін таңғажайып оқиғалармен байланыстырады. Өздеріне лайық адамды бәрібір таба алмайтынын білген кезде үйленуге бел буады.

Тауешкі: Нағыз тұрақтылық деп осыны айтыңыз.
Адалдық деңгейі: 1

Тауешкілердің ғашық болуы өте қиын. Алайда бір ғашық болса, махаббаттары мәңгілікке ұласады. Өкінішке орай, сезімдерін көрсете алмайды. Бұл қасиеттері қарым-қатынасқа еш кедергі жасамайды. Ер адамның махаббаты көрге кіргенше демекші, оның сезіміне сенуімізге болады. Жаңа киіммен, түрлі әшекеймен оны таңқалдыру мүмкін емес. Бұл үшін классикалық костюмнің өзі жеткілікті. Шаңырағында береке мен бірлік болады. Және сүйіктісінен өзіне деген адалдықты талап етеді.

Суқұйғыш: Тәуелсіздікті бірінші орынға қояды.
Адалдық деңгейі: 3

Бірінші қадамды өзіңіз жасау арқылы олармен қарым-қатынас орната аласыз. Өйткені олар батылдық танытып үйренбеген. Бір жанды ғана сүюге дағдыланғандықтан, отбасылық өмірде адал болады. Олар сүйіктілеріне сеніп, үнемі ортақ шешім тауып отырады. Бақылауға да алмайды. Өкінішке орай, олардың арасында айырылысып кететіндері өте көп. Себебі суқұйғыштар махаббатты сақтап қалу үшін тек өздері ғана күш салып жүр деп ойлайды. Мұнымен қатар, тәуелсіздігін шектеген кезде бірден кетіп қалуы мүмкін.

Балықтар: Ең сезімтал жігіттер екені рас.
Адалдық деңгейі: 1

Олар өте мейірімді. Армандап, өзгелерге жанашырлықпен қарайды. Ақындардың махаббат туралы өлеңдерін сүйіктілеріне айтып бергенді ұнатады. Отбасындағы береке мен тыныштықты сақтап қалу үшін барлығын жасайды.

Сурет: ©Ералы Аманбаев

Оқи отырыңыз:

Неліктен біз виртуалды қарым-қатынасты таңдаймыз?
Артық салмақтан арылуға көмектесетін тағамдар
Сіздің құрбыңыз қандай адам?
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?