Артық салмақтан арылуға көмектесетін тағамдар

Артық салмақтан арылуға көмектесетін тағамдар

"Артық салмақтан қалай арылуға болады?" деген сұрақ бәріңізді де мазалайтын шығар. Әсіресе қыздар жағы. Бүгін біз сіздерге оның оңай жолын ұсынғымыз келіп отыр. Ол үшін құрамында суы көп жеміс-жидектер мен көкөністерді жеуіңіз керек. Оны Токио университетінің ғалымдары дәлелдеді. Олай болса, төмендегі тағамдарға назар аударыңыздар. 

1. Брокколи.

Брокколидің құрамында судан бөлек, жасұнық пен кальций көптеп кездеседі.

2. Қырыққабат.

Қырыққабат иммунитетіңізді жақсартады. Және антиоксиданттарға өте бай. 

3. Түсті қырыққабат.

Бұл көкөністе фолиевалық қышқыл мен С дәрумені бар. 

4. Грейпфрут.

Ал грейпфруттың құрамында С дәрумені де, фолиевалық қышқыл да, калий, пектин және жасұнық та бар. 

5. Ромен салаты.

"Ромэн" салатының құрамында В дәрумені, фолиевалық қышқыл және иммундық жүйе мен қанайналымды жақсартатын марганец бар. 

6. Шалғам.

Бұл өнім калийге, фолиевалық қышқылға, антиоксиданттарға өте бай.

7. Саумалдық. 

Саумалдық жапырақтары темір мен фолиевалық қышқылдарға және С дәрумендеріне бай. 

Сурет: www.art-pen.ru, supersadovod.ru, sadoved.com, vfigure.ru, kuharka.com, www.udec.ru, xcook.info, www.allwomen.ru

Оқи отырыңыз:

Сүтті тағамдар мен жұмыртқаны қалай сақтаймыз?

Кекс жасаудың жеңіл жолы

Алманы тазалаудың тамаша әдісі (видео)

Картоптың қабығын 5 секунд ішінде тазарту жолы

Ж. Исакаев