Бетті жасартуға арналған 3 маска

Бетті жасартуға арналған 3 маска

Картоп крахмалы - бетті жасартуға жақсы көмектесетін ингредиенттің бірі. Маска үй жағдайында жасауға арналған. 

Бірінші рецепт.

1 ас қасық картоп крахмалын 1 ас қасық сүтпен араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық шабдалы майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, бетке жұқа етіп жағыңыз.

Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

Екінші рецепт.

1 ас қасық картоп крахмалын жылы, таза, қайнаған сумен қою қоспа болғанға дейін араластырыңыз. Оған жұмыртқаның ағы мен аздап лимон шырынын қосыңыз.

Дайын қоспаны бетке жағып, 30-40 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

Бұл масканы бетіңіз майлы болса қолданыңыз. 

Үшінші рецепт.

1 ас қасық крахмалды 1 шай қасық ас тұзымен араластырыңыз. Оған жылы сүт қосып, ботқаға айналғанға дейін араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық қою бал қосыңыз.

Бетке жұқа етіп жағып, жарты сағаттан соң, жылы сумен жуу керек.

Сурет: slovenskenovice.si

Оқи отырыңыз:

Ажарыңызды тоздырмаудың сыры

Сырт келбетімізге күтім жасауға көмектесетін құралдар

Бетке арналған лифтинг маскалары #2

Бетке арналған лифтинг-маскалары

Ф. Абилова