• 450.77
  • 503.11
  • 4.87

Көз тартар Қостанай. Нағыз қыс

Көз тартар Қостанай. Нағыз қыс

Осыған дейін еліміздің өңірлерін бір біріне таныстыру мақсатында қолға алынған жоба аясында порталымызға "Көз тартар Қостанай""Балалық шақты еске алып..." атты фоторепортаждар жариялағанбыз. Бүгін Қостанайдан келген суреттер топтамасының жалғасын назарларыңыз ұсынамыз. Бұл жолғы тақырып нағыз қысқа арналмақ. Ендеше, көріңіз, бөлісіңіз!

Орташа температурасы -18, -19 °C градусты құрайтын Қостанайдың қысы ұзақ әрі қатал. Айналасы жазық дала болғандықтан қалада үнемі жел соғып тұрады. 

Қыста түсетін қардың қалыңдығы кей кездері тиісті деңгейден асып та жатады.

Алайда қардың қалың түсуі қала халқы үшін үйреншікті жағдай.

Олар табиғаттың бұл құбылысына қашанда саймандарын сайлап отырады.

Өйткені уақытылы жиналмаған қар артынша үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

Әсіресе, оның зардабы көктемде күн жылып, айнала аяқ алып жүре алмайтын балшық болғанда сезіледі.

Қар жауғандағы ең үлкен мәселе: жолдар. Толассыз жауған қар Қостанайдың коммуналдық қызмет мамандарын жиі әбігерге салады.

Көліктер қарға кіріп, осылай орнында тұрып қалмауы үшін олар күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр.

Мұндайда алдымен көлік жолдары, содан кейін ғана жол жиегі мен өткелдер тазартылады. Сондықтан жаяу жүргіншілерге уақытша машиналардың жолына "ортақтасуға" тура келеді.

Күннің суықтығына байланысты уақыт өте тапталған қар мұз болып қатып, жол үсті көктайғаққа айналады.

Дегенмен қыс болғандықтан мұндай қиындықтар кезігетіні заңдылық. Олардың бәрі айналаның әсем көрінісі мен аяқ астынды сықырлаған ақ қардың дыбысының жанында түкке тұрғысыз дүниедей көрінеді.

Қар жауған күннің ертесі дала тіпті ертегідегідей ғажайып күйге енеді.

Ал ақ мамық жабылған ағаштар көздің жауын алады.

Күн суып, қардың мол түскенін пайдаланып, балықшылар мұзы қалыңдаған Тобылға асығады. Бірақ бұл мүлде басқа оқиға...