Қайыр тілеген ана, желтоқсан құрбаны, түрмеден шыққан жан. Атышулы базардың айналасындағы қоңырқай тірлік

Қайыр тілеген ана, желтоқсан құрбаны, түрмеден шыққан жан. Атышулы базардың айналасындағы қоңырқай тірлік

Елімізде қоғамдық орында қайыр сұрауға заңмен тыйым салынса да, қаланың әр бұрышында қайыр сұрап, шарасыз күйде отырғандардың қарасы көп. Туыстары бас тартқан, баспанасы жоқ, заңға қайшы болса да амалының жоқтығынан қайыр сұрауға мәжбүр жандардың өткен өмірі, бүгінгі жағдайға қалай тап болғаны зерттеуді талап ететін тақырып. Садақа тілегендердің көпшілігі адамдар жиі жүретін базарлардың маңын мекендейді. Massaget.kz тілшісі Алтын Орда базарына барып, қайыр сұрап күнелткен жандармен тілдесіп қайтты.  

Қайыр тілегендер адамдар көп жүретін орындарда отырады. Өткен кеткеннің тастаған тиынына күн көреді. Өлместің күйін кешкендермен тілдесу қиын болды. Себебі көпшілігі түрін жасырып, жұртқа жүзін көрсетуден жалтарады. 

Мұндайлардың көпшілігі баспанасы жоқ, жұмыс жасауға  денсаулығы жетпейтін, зейнет жасына толмаған адамдар. Түрлі жеңілдікпен зейнетке шығуға құжаттарын жинауға, денсаулығының кінәрәтін дәлелдейтін мың құжат тапсыру қолынан келмейді. Себебі жетектеп жүрер адамы жоқ. 

Енді бірі темір тордың ар жағында отырып шыққан. "Психологиялық ауытқуым бар, менен ештеңе сұрама" деп әңгімені қысқа аяқтады. Жұмысқа орналасуға адамдармен сөйлесе алмайтындықтан бас тартқан.  

Тағдыры тоқсан түрлі адамдармен тілдесіп жүріп тосын жағдайға тап болдық. 1986 жылғы "Желтоқсан көтерілісіне" қатысқан кейіпкер көпір үстінде түрлі ұсақ-түйек тауар сатып отыр. Есімін айтпауды өтінген кісі басынан өткенін айтып берді.  

"1986 жылғы көтеріліске қатысқанмын. Ол кезде 2 курстың студентімін. Қосымша тігін фабрикасында жұмыс істедім. Желтоқсан оқиғасы кезінде бізді бүйректен, бауырдан қатты темірмен ұрды. Бүйрек, бауыр дұрыс жұмыс жасамайды. Бала көтергеніммен 2-3 айлық кезінде іштен шетінеп кетеді. Қан қысымым көтеріліп кетеді, денсаулығымнан қант диабетінің де белгісі байқалады" деді ол.

"Тұрмысқа шығып 6 бала-шағам шетінеп кетті. Баспанамыз өртеніп, далада қалдық. Жолдасым ащы суға салынып кетті. Қазір қайда екенін білмеймін. Өзім 35 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамын. Оның сыртында коммуналдық қызмет бар. Қуықтай бөлме. Дәретханасы мен қол жуатын жері ішінде" деді одан әрі сөзін жалғап.

Өлместің күнін көріп, кәкүр шүкір сатқан апай сөзін одан әрі жалғап, "Алтын Орда базарынан алақандай жерді жалға алып жұмыс істедім. Басында 500, кейін 1000, одан кейін 2000 теңге болды. Базардың қызметшісі "маған сенің желтоқсанға қатысқаның керек жоқ" деді де заттарымды батпаққа лақтырып, құртымды шашып тастады. Қасымдағы құрбыларым келіп көмектесті. Ұрып та жіберді. Полицияға арыз жазғаныммен ешқандай шара қолданбады". 

"Қазір осы дүниелерді алып сатып жатырмын. Көтермелеп сатып алып штуктап сатамын. Үстіне 5-10 теңге ғана қосамын. Күніне 2-3 мың теңге табамын. Кеше тіпті 400 теңге түсті. Тамағыма, пәтер ақысына керекті  ақшаның бәрін осы жерден шығарамын. Не істеймін енді сатпағанда? Ақша керек, зейнетақыға дейін 4 жыл бар". 

"Назарбаевтың кезінде көтеріліске қатысқандарға үй береді дегенді естіп Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 5 қыз жиналып бардық. Бесеумізде де бала жоқ. Бәріне сол көтерілісте алған жарақатымыз себеп болды. Хатшы қыз бізге күліп, мазақтап "Нелерің бар еді сол жерге барып? Бармасаңдар ештеңе болмайтын еді" деп күлді. Мен ашуланып жазған арызымыздың бәрін жыртып тастап кетіп қалдым. Қазір Тоқаев келді, бірақ желтоқсаншыларға көңіл бөлініп жатқан жоқ". 

"2007 жылдан 2012 жылға дейін "Бақанас" ауылында қант диабеті, қан қысымы, жүрек аурулары бойынша есепте тұрдым. Алайда ауруыма байланысты зейнетке шығу мүмкін болмады. Қазір жасым 57-де. Зейнетке дейін шыдай алмайтын секілдімін", - дейді ол. 

Біз барған Алматының бір ғана базары. Ал өзге де осындай әлеуметтік нысандарды жағалап, тіпті қыс бойы жер асты өткелдерін паналап жүргендер қаншама. 

Өркениетті елдерде де мұндай адамдар бар. Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасының астын да үйсіздер мекен еткен. Дегенмен қайыр сұрауға тыйым салып, не мемлекет тарапынан қамқорлық болмаса олардың болашағы не болмақ?!

Алматыға көшіп келгендердің қай жерде тұрып жатқандығын