Жан-Клод Ван Дамм қазақша cөйлеуге тырысты (видео)

Жан-Клод Ван Дамм қазақша cөйлеуге тырысты (видео)
Фото: peoples.ru

Америкалық тегі француз актер Жан-Клод Ван Дамм қазақша үйренбек болып екі рет сабақ алды. Осыған орай Instagram-дағы zbt_video қауымдастығында актердің жас жігіттердің ортасында тұрған сәті түсірілген видео пайда болды.

dixinews.kz сайытының жазуынша, әйгілі актерді қазақша сөйлеуге бірнеше жас жігіт талпынып көрген сияқты. Жекпе-жек өнерінің шебері сабақ соңында «Сау болыңдар, қазақтар!» деген сөйлемді айтуға талпынып бағады.

Бірақ Жан-Клод Ван Дамм бірнеше рет осы сөзді айтпақ болып әрекет жасағанымен, ақыры оны дұрыстап жеткізе алмады. 

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы