Алматылық жас каратэшілер Жан Клод Ван Даммды "соққының астына алды"

Алматылық жас каратэшілер Жан Клод Ван Даммды "соққының астына алды"
Фото: tengrinews.kz

Алматылық жас каратэшілер Жан Клод Ван Даммға өнерлерін көрсетті.

Голливудтық атақты актер әрі спортшы Жан Клод Ван Дамм Алматыда жас каратэшілерге шеберлік сабағын өткізді. Бір жарым сағатқа созылған сабақта Ван Дамм мен кішкентай спортшылар бой жазып, жаттығу жасап, одан кейін спарингке кірісті.

"Самоволка'' және ''Кровавый спорт'' фильмдерінің кейіпкері қарсыластарына бар күшімен аяқпен және қолмен соққы беруге рұқсат етті. Сабаққа беріліп кеткен жас каратэшілер алдарында боевиктер жұлдызы тұрғанын ұмытып, Ван Даммды "грушаны" ұрғандай ұрды", − делінген жарияланымда.

Голливудтық актер және спортшы Алматыға табысты адамдарға арналған бизнес форумға қатысу үшін келіп, балаларға арнап шеберлік сабағын өткізді. Сұхбат барысында Жан Клод Ван Дамм өмірлік мақсаттарына қол жеткізудегі өз тәжірибесін бөлісті. 

Дереккөз: Tengrinews

С. Ерсін