Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік ролик түсірді

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік ролик түсірді
Фото: youtube.com

Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті жемқорлықты әшкерелейтін қысқаметражды фильм түсірді. Фильмді Мемлекеттік кірістер комитеті Facebook-тағы парақшасына жүктеді. 

Фильм кеденнен пара беріп өтпек болған азамат туралы. Туынды авторлары осы арқылы параның емес, адалдықтың шыңға шығаратынын көрсеткісі келген. 


Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті WhatsApp арқылы арыздар қабылдай бастағанын айтқан едік. Экономикалық заң бұзушылықтарға қатысты фото, видео материалдарды +77001020202 нөміріне жіберуіңізге болады. Бұдан бөлек әр қалада сенім телефондарының жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.

М. Бисембаева