Мемлекеттік кірістер комитеті WhatsApp арқылы арыз қабылдай бастады

Мемлекеттік кірістер комитеті WhatsApp арқылы арыз қабылдай бастады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама қабылдай бастады. Бұл туралы комитеттің төрағасы Facebook желісіндегі "Көлеңкелі экономикамен күрес" парақшасында хабарлады.

"Whatsapp мессенджерінен аккаунт аштық: +77001020202 номеріне экономикалық сферадағы заң бұзушылықтарға қатысты фото, видео жіберулеріңізге болады. Әр деректі тексереміз", - деп жазды ол. Дәулет Ерғожин көлеңкелі экономиканы бірлесіп жеңуге шақырды.

Е. Қайрахан